Сөздің киесі бар ма? Сөздің киесі деген не?
"Сөздің киесі бар "дейді қазақ.Бірақ соған мән бере бермейміз.Ауыздан шыққан сөзге шынымен абай болып, байқап сөйлеу керек екенімізді саралау үшін, өзім бастан өткізген оқиғаларды айтып берейін.Біреулерге мүмкін сабақ болар...
Қыз болып бойжете бастағанан - ақ қасымдағы құрбыларға 17-18- жаста тұрмысқа шықсаң өмір сені басып тастайды, жаншылып қаласың.Кішкене оң - солыңды танып 24-25- те тұрмысқа шыққан дұрыс деп айтушы ем.
Өзіме тұрмысқа шығу 25- жасымда бұйырды.
Тағы айтатынмын, барған бойда көтеріп кетсең қиын, кішкене жат босағаға үйренісіп, бір жылдан соң тусаң да үлгересің деп.Оны айтқанда алдымда не тұрғанын білгем жоқ.Жастықпен айттым және миыма сондай программа орнатқанымды ол кезде білгем жоқ.
Менімен қатар түскендер босанып, менен соң түскендердің өзі жүкті болып жүргенін көргенде уайымдай бастадым.
Сөйтіп жүргенде көтеріп, тұңғыш қызымды 27- жасымда дүниеге әкелдім. Өзім айта беретін бір жылдан соң ғана құрсақ көтеріппін.
Тағы бір сөз.Тұңғышым қырықынан шығар шықпас тағы көтеріп қойдым.Есептесем арасы он бір ай - ақ болады екен.Бір жылда екі рет туамын ба деп түскен жерімнен қысылып ,іштей қиналып жүрдім.Жолдасыма да айта беретінмін.Тағы көтеріп қойдым.Мынау енді қырқынан шығып жатыр деп.
Қызым бес айында қатты ауырды да ,дәл алты айға қараған түні туған күні, дүниеге келген сағатында таңғы бесте қайтыс болып кетті.Бұл жолы да артық уайымдап, артық айтқанымды ол кез білмедім...
Қызым қайтыс болғасын, ішімдегі шарананың тезірек дүниеге келуін күттім.
Қартайып, ұл - қызына сыйы кетіп беймаза болған кәрі ата- әжелерді көргенде, ұзақ жасағым келмейді. Ұл - қызға сыйың кетіп, жек көрінішті болғанан жас сыйлы кезіңде кеткенің жақсы деуші ем.Әр мүшелде осы сөзімді қандай да бір күш есіме салып тұрады.Және өте қатты сынайды.Әупірімдеп ол сынақтардан өтіп келем.Алдымда не барын білмеймін...
Ауырмай - сырқамай ұйықтап жатып жүріп кетіпті немесе қазір қалжыңдасып отырған адам, қас - қағым сәтте жүріп кетті десе, аузымның суы құрып, қандай рахат өлім, жанын қинамай ешкімге жалтақтатып төсекке таңбай алып кеткені деп ойлаймын.
Өлім хақ.Ерте ме, кеш пе бәрімізге келері рас.Ажалды пендеге жеңілдігін берсін деп тілеймін...
Жақсы сөйлеп, жақсы ой ойлайық, өйткені аузымыздан шыққан сөз, тілек, тәңірге берген заказ іспетті , болашағымызды өзіміз жасаймыз!
Айсұлу Кеңесбай