Нұрлан мен Мұрат – Шашы ұзын қыз

Oinet.kz 07-09-2020 1056

Нұрлан мен Мұрат.jpg

Ғашық болып ұнаттым қырдың қызын

Мөлдір қара көздері шашы ұзын

Перизаттай көзіме елестейді

Арқасында көргенде қос бұрымын


Қайырмасы:

Шашы ұзын қыз

Қандай сұлусыз

Қырдың гүліндей

Құлпырып тұрсыз

Шашы ұзын қыз

Жанары мұңсыз

Күндей күлімдей

Нұрланып жүрсіз


Алма мойын, қиғаш қас, қызыл ерін

Көргендеймін бұл күннің «Қыз Жібегін»

Қырдың гүлін әдемі теріп алып

Ұсынуды сол қызға үміттендім


Қайырмасы.

Жанарымды тайдырып ала алмадым

Жүрегімді сұлу қыз жараладың

Жалт етіп бір көрініп кете бардың

Іздеп сені қай жерден таба аламын

Қазақша тәлім. Жетілік ұғым. Жеті санының қасиеті
Жалаладдин Маулана Руми өсиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу