Кактус гүлі туралы мысал. Гүл туралы эссе

Oinet.kz 06-09-2020 906

Бір әйелдің үйінде кактусы гүлдейді. 4 жыл ішінде алғаш гүл беруі. "Ұрысқақсың, мейірімсізсің!" деп сонша сөйлеп кетіп ең, осыншалықты жүрексіз болсам мына кактус гүл бермес еді ғой?" деп айқайлады әйел ренжіп, кетіп қалған күйеуінің соңына қарап.

Сол күні осы әйел автобусқа кіріп келе жатып бір ер адамның аяғын басып кетеді. Жақтырмай қараған ер адамға әдеттегісінше "Ұнамай ма, таксимен жүр!" деп айқайламады, тек "Кешіріңізші, байқамай қалдым. Қаласаңыз, міне, менің де аяғымды басыңыз" деп күлімдеді. Ер адам не деп жауап берерін білмей сасып қалды.

Осы ер адам автобустан түскен соң көшеден газет сатып алады. Қайтарым ақшадан шатасқан сатушы қызға ұрыспады, жай ғана: "Ештеңе етпейді, таңертегілікте ондай-ондай боп тұрады" деп күлімдеді.

Ал ертеңмен көңіл-күйі көтерілген сатушы қыз ылғи газет алушы бір зейнеркер қарияға екі журнал, бір газетті сыйға тартты. Негізі қарияның ақшасы тек бір газет алуға ғана жететін.

Мұндай күтпеген сыйға қуанып келе жатқан қария подъезде жоғарғы қабатта тұратын келіншек пен қызын кездестіреді. Әдеттегідей "Балаларың шулайды. Тарсылдап жүгіреді" деп ұрыспады, тек күлімдеп: "Ооо, үлкен қыз боп қапты. Ата-анасының ақылды қызы боп өссін" деп кішкентай қыздың басынан сипайды.

Бұл келіншек қызын балабақшаға апарып тастап, өзі жұмысына қарай асықты. Ол емxанананың тіркеу бөлімінде істейді. Дәрігердің қабылдау күнін шатастырып, бір күн кешігіп келген қарт әжеге ол ұрыспады, тек қай дәрігер қабылдай алатынын біліп беруге уәде берді.

Қарт әжені кезексіз қабылдаған дәрігер қариядан бата алады. Сосын: "Ертең-ақ осылай қартаямыз, өмір зу ете қалады. Ал біз сол өмірді мәнді сүруді де білмейміз ғой, ұрсысамыз, жақынымызды ренжітеміз..." -деп ойланады да, жақын дүкеннен келіншегіне торт пен үлкен гүл сатып алады.

-Таңертең артық кеткен сияқтымын, ренжітсем кешірші, мынау саған,-деп гүлін ұсынады есікті ашқан келіншегіне.

Мойнына асылған сүйіктісі балаша мәз боп:

-Білесің бе, үйдегі 4 жыл гүл бермеген кактус бүгін гүл шашты, мұны жақсылыққа жорыған ем.

Бекер емес екен. Екі арманым қатар орындалды!!! Сен маған гүл сыйладың, ал мен саған 4 жыл зарыға күткен  ұл сыйламақпын...

ТҮЙІН: Өмір-бумеранг. Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз. Әу баста бұл келіншек автобуста ер адаммен шекіскенде, қалған елдің бәрі бір-бірін ренжіткен болар еді. Жәй ғана кешірім сұрап, күлімдеді, аяғы қалай аяқталды...

Байдың тоқтауы. Бай туралы тәмсіл
Шәмші қалай Шәмші атанды? Шәмші Қалдаяқов туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу