1 қыркүйек күні әлемде қандай оқиғалар болған?

Oinet.kz 06-09-2020 963

Screenshot_4.jpg

1482 жылы Қырым ханы Меңлігерей әскері Киевті талқандады.

1714 жылы Ресейде Петр I ашқан тұңғыш кітапхана жұмысын бастады.

1897 жылы Бостон қаласында метро ашылды.

1902 жылы Францияда «Айға саяхат» ғылыми-фантастикалық киносы көрсетілді.

1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

1951 жылы Лондонда тұңғыш супермаркет ашылды.

Ливияның Ұлттық мейрамы - Революция күні (1969). Билікке Муаммар Каддафи келді. Қазақстан мен Ливия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылды.

1971 жылы Катар өз тәуелсіздігін жариялады.

Өзбекстан Тәуелсіздігі күні (1991). ҚР мен ӨР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қарашаның 23-інде орнатылды.

Словакия Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні (1992). Қазақстан мен Словакия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 19.08.1993 орнатылды.

Қыркүйек айының алғашқы аптасының дүйсенбі АҚШ-та Еңбек күні.

2004 жылы Беслан мектебінде қырғын болды.

Эдгар Берроуз туған күні (1875-1950).

Әзірбайжан Мәмбетовтың (1932-2009) туған күні. Ол КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қарақалпақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Халық қаһарманы». Профессор Ғазиза Жұбанованың күйеуі.

1923 жылы  Қостанай қаласында «Ауыл» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редакторы - М.Сералин, жауапты шығарушы Б.Майлин болды. Кейін басылым атауы «Социалды ауыл», «Большевиктік жол», «Коммунизм жолы», «Коммунизм таңы» болып бірнеше мәрте өзгерген. Қазіргі атауымен 1991 жылдан бері шығып келеді.

2000 жылы  Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен «Түрік дүниесі» газетінің бірінші саны жарыққа шықты.

2001 жылы  Қазақстан мен Египет екі жақты келісімі бойынша Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам университеті құрылды. Университетте ислам теологтары, имамдар, араб тілі мамандары, аудармашылар мен елтанушылар дайындалады.

2006 жылы  Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы ашылды. Жоба авторы - танымал британдық сәулетші Норманн Фостер. Ғимарат биіктігі 62 метр, онда 1,5 мың адам сиятын опера театры, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдары, діни конфессиялардың кеңселері орналасқан. Аталмыш нысанды түріктің «Сембол Иншаат» компаниясы салған.

1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнін енгізді. Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

1965 жылы «Қазақстан-Семей» телеканалы құрылды. 1965 жылы 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Ол республикамызда ашылған төртінші телестудия болатын.

1990 жылы Атырау қаласында тұңғыш рет дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ашылып, кейіннен облыстық ұлттық гимназия болып атауы өзгерді.

2009 жылы  Семей мен Көкшетауда НЗМ  ашылды.

«Қазақпарат» деректері бойынша

Жалғыз тұратын адамдар жиі шалдығатын адамдар
Ауыл туралы өлең. Шөбі сирек, құмы ирек жер еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу