Ашық сабақ. Балабақша. Математика. Сиқырлы сандар

Oinet.kz 06-10-2019 3592

«Сиқырлы сандар»

  oquzaman

Хуанар Дамелхан

Теміртау қаласы білім беру бөлімі Теміртау қаласы әкімдігінің №12 «Алтынай» бөбекжайы МКҚК қазақ тілі мұғалімі

Мақсаты:Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу,  тура және кері санауды дағдыландыру, тапсырмалар арқылы  сөйлем құра білуге үйрету.

Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, шапшаң есептеуге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Өзін жеке тұлға ретінде сезініп, берілген тапсырманы өздігінен орындап, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу. Бауырымдылыққа, адамгершілікке баулу.

Қолданытылатын көрнекіліктер: көрнекті суреттер, слайд тапсырмалары.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, муляждар.

Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, сұрақ-жауап, ойын.

Билингвальды компонент: Жеті текше, екі қоян, төрт доп,бір аю.

Мұғалім: Балалар қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті, қане бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Шаттық шеңбер.

– Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
– Тамаша
– «Алтынай» балабақшасы қандай?
– Тамаша.
– №4 топтың балалары қандай?
– Тамамша.
Жарайсыңдар, балалар.
Үлкенге де ізет,
Кішіге де сіз.
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар.

Мұғалім: Ал енді орнымызға отырайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-төрт мезгіл,

-Қалай аталады?

-Күз, қыс, көктем, жаз.

-Қыс  айларын ата?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қай ай?

-Қазір ақпан айы.

-Балалар бүгін қандай күн?

-Бүгін бейсенбі

«Аудармасын айт» сөздік ойыны арқылы өткен сабақты қайталау.

Ойын шарты:Бір бала тақтаға шығып, сөздерді қазақ тілінде айтады, ал қалған балалар орыс тілінде аудармасын айтады.

Таңғалу сәті Хат келеді, балалар таң қалады.

Мұғалім:Балалар   хат келген сияқты, көріп тамашалайық.

Екранда балаларға  видео қуыршақ театр көрсетіледі, Айсұлу және Жалқаубек деген шағын қуыршақ театрда Айсұлу айтады Жалқаубек дұрыс санау білмейді  – деп оған көмектесуін сұрайды.

Мұғалім: Сигнальный карточканың қолданады

Балалар:Балалар қызыл түсті көрсеткенде қазақ тілінде ал сары түсті көрсеткенде ағылшын тілінде санайды.

 1-слайд, тапсырмасы

Мұғалім:Сигнальды карточканың  балал

 Санау тура және кері санау, 1-ден 10 – ға дейін, 10 – нан 1 – ге дейін. Сандарды орнын ауыстырып қойып, балаларға санату.

Дыбыстық жаттығулар:

кі-кі-кі-екі

ғыз-ғыз-ғыз- тоғыз

ті-ті-ті-жеті

Сергіту сәті:

«Санамақ» әніне балалар қимылын көрсетіп билеу

Мұғалім: Енді келесі слайд тапсырмасы.

Суреттегі затты санап, балалар қазақ тілінде сұраққа жауап беру арқылы сөйлем құрайды .

-Қанша аю?

-Бір аю.

-Қандай аю?

-Ақ аю.

-Қанша  доп?

-Төрт жасыл доп.

-Қандай топ?

Ақ топ, көк доп, қызыл доп, жасыл доп,

-Қанша сары балапан?

-Үш сары балапан.

-Қанша текше?

 -Алты текше.

-Қанша қоян?

 -Екі қоян.

-Қандай қоян?

-Ақ қоян, қара қоян.

Санамақ: 

Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Екі қолды соққанда болады он саусақ

Санаймыз ба, Санаймыз 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Мұғалім: Балалар қазір  сендер үлестірмелі материалдар  бойынша бірлесе отырып  жұмыс жасайсыңдар .

Балалар. Түсіне отырып, асықпай тапсырманы орындайды.Орындап болған соң қазақ тілінде сөз тіркесі, сөйлем арқылы айтып береді.

Мұғалім:Балалар сендерге көп рахмет, мен сендердің жаксы орындаған тапсырмаларыңды мына конвертке салып, почта арқылы Айсұлу мен Жалқаубекке жіберемінСендер сабаққа жақсы қатысқандарың үшін алтын түсті жұлдызша сыйлаймын.

Таң қалу сәті:Осы сәтте хат келеді?

Балалар: Екрандағы видионы көріп, ондағы Айсұлу мен Жалқаубектің хатты алып балаларға ризашылығын білдіренің тамашалайды.

Мұғалім:Ал, балалар сабағымызда аяқталып қалды. Балалар айтыңдаршы біз бүгінгі сабақта не білдік?  Сендер өте білімді екенсіңдер. Ал сендерге қай  тапсырмасы қиындау болды. Кімге қай тапсырма оңай болды? Балалар орнымыздан тұрып қонақтарға сау болыңыздар дейміз.


Ашық сабақ. Қазақ тілі. 5-9 сыныптарға арналған тапсырмалар
Ашық сабақ. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара сценарий
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу