Қазақ әжелерінің 12 ақылы

Oinet.kz 06-10-2020 1503

Әжетай.jpg

1. Бас киімді жерге тастауға болмайды. Жақсы нәрселер адамның маңдайына жазылатындықтан, бас киімге абай болған жөн.

2. Егер көршілер тамақ әкелсе, оларға ыдысты бос қайтаруға болмайды. Бұл — көргенсіздіктің белгісі.

3. Бос бесікті тербетуге болмайды. Тек баласыз қалған адам ғана бос бесікті тербетеді.

4. Баладан аттауға болмайды, ол өспей қалуы мүмкін, ал үлкендерден аттау оларға деген құрметтің жоқтығын көрсетеді.

Бас киімді өзге адамға беруге болмайды. Ол бұрын оны киген адамның тағдырын қайталауы мүмкін.

6. Қыз балаға ақ және қара түсті орамал тағуға болмайды. Ақ — әйелдің ана болғаннан кейін тағатын ақ жаулығы, ал қара — қайғының белгісі.

7. Үйді айналып жүгіруге болмайды. Себебі, бұрын үйге жау жақындап қалғанда үй иелері осылай істеген.

8. Есіктің босағасын керуге, табалдырықты басып тұруға болмайды. Бұл бақытсыздық билейтін жер саналады.

9. Таңдайды қаға беруге болмайды. Үйде таңдай қағу жамандық шақырады.

10. Қолды артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл — тұтқынды еске салатын жаман ырым.

11. Жақты таянуға болмайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.

12. Тізені құшақтауға болмайды. Бұл адамның өмірде ұрпақсыз немесе жалғыз қалуына әкелуі мүмкін.

Әкесі мен қызы. Әке туралы эссе. Әке өсиеті
Сұлтан Сүлейман. Өлер алдындағы сөзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу