Жаман аурудан (обыр) бір күнде жазылып кеткен әйел

Oinet.kz 24-04-2022 6687

Жасы 40 тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады. Өзіне күтім керек болғандықтан бір қызды үйіне қызметші етіп алады.Бірер күннен соң әйел әлгі қыздың дәретханаға жиі кіргіштейтінін байқап қалады. 

Screenshot_5.jpg

«Темекі тартады-ау» деген ойға қалған әйел қызды шақырып алып ол ісінің дұрыс емес екенін айтып аналық ақыл айтпақ болады. Алдымен не себепті дәретханаға жиі кіре беретіндігін сұрап алайын дейді. Сонда қыз көздеріне жасы толып тұрып: 

«Әпке, менің өз қаламда жаңа туған сәбиім қалды. Отбасымды асырау үшін осында келдім. Дәретханаға кіріп омыраудағы сүтімді сауып тастаймын. Бұл үшін сізден қатты ұяламын, айып етпеңіз» деп жылап жібереді. 

Қызға қатты жаны ашыған әйел қолына көп ақша ұстатады да: «Бар, балаңа бар, қызым. Оны өсіріп, емшектен шығарған соң ғана қайтып келерсің, оған дейін басқа біреуді көмекшім етіп ала тұрамын» деп ұшаққа билет алып беріп үйіне қайтарады. Қыздың жайы жанына қатты батады. 

Арада біраз уақыт өтеді. Әйел ауруханаға барып тексеруден өтеді. Бірақ рактың ешбір ізі де байқалмайды. Дәрігерлер сенбестен әйелді қайта-қайта тексеруден өткізеді. Дұрыс. Ешбір ауру жоқ. Барлығы бұған таңқалады. Ал әйел көз жасына ерік беріп іштей Жаратушыға шүкіршілік айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер» дегенін күбірлеп қайталап тұрады.

Шәкен Айманов әйгілі актерден жіберген есесін қалай қайтарған?
Арабқа айналып жоғалған ұлттар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу