Шәкен Айманов әйгілі актерден жіберген есесін қалай қайтарған?

Oinet.kz 22-04-2022 2179

Қазақ киносында есімі алтын әріппен жазылған Шәкен Айманов туралы ел ішінде естелік әңгімелер көп.  Соның ішінде Аймановтың актер Раднэр Муратовқа шахматтан кеткен есесін қалай қайтарғаны туралы қызықты дерек бар.  

Screenshot_21.jpg

Раднэр Муратов көрермендерге "Джентльмены удачи" фильміндегі Василий Алибабаевичтың рөлі бойынша жақсы таныс. Ол бұл картинаға түспес бұрын Аймановтың "Атмекен" фильмінде эпизодта ойнаған. Түсірілім арасындағы үзілістің бірінде Муратов пен Айманов шахматтан өзара мықтыны анықтайды. Шәкен Кенжетайұлы ойын басындағы 3 партияда жеңгенімен, кейін қатарынан 11 партияда ұтылып қалады. Сөйтсе Раднэр Муратов сол заманда Ленинградтағы 5 үздік ойыншының қатарында екен. Осыдан соң Шәкен Айманов жеңіліп қалғанына қаты қапаланыпты.

Кейін фильм түсірілімі аяқталған соң Раднэр Муратов Аймановтан кешірім сұрап, титрда фамилиясын жазуға ұмытып кетпеуін өтініпті. Бірақ "Атамекен" кинотеатрларда көрсетіле бастаған кезде актер өзінің аты-жөнінің жоқтығын байқап қалыпты. Сөйтсе, әртіске есесі кеткен Айманов одан кегін алу үшін басқаша қадамға барған. Көркем туындының бір эпизодында кейіпкер майдан даласында қайтыс болған әкесін іздеп, бірнеше жауынгер жерленіп, басына орнатылған құлыптасқа барады. Қызығы сол Муратовты сол құлпытаста жазылған қайтыс болған жауынгерлердің қатарына енгізіп жіберген. Сөйтіп, Шәкен Айманов өзін ұтып кеткен актерді осылай қатырған екен.

Маньяктар. Қылмыскерден кейіпкерге дейін
Жаман аурудан (обыр) бір күнде жазылып кеткен әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу