Әке өсиеті. Әке туралы эссе
Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?» - депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем.
- Орындаймын әке!
- Ендеше менің аяғымдағы жыртық нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма - депті.
Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы, "Әкемнің соңғы сөзі еді, нәскиімен жерлейік" - деп өтінеді.
Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленетіндіктен молдалар және туысқандары келіспейді. Содан әкесін жер қойнына тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды.
"Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиді де алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме" деген екі жол жазу ғана бар екен әлгі қағазда.