Тәуіпке барған аға
Бір ағамыз тәуіпке барып:
-Қарыз төлеуден әбден шаршадым, бірін төлесем екіншісіне қарыз боламын. Одан құтылу үшін үшінші біреуден қарыз аламын. Айналайын, ақ әулие, маған бір бал ашып бер, кедейшіліктен құтылатын күнім болар ма екен?-депті.
-Құтыласың, елуге келгенше шыда- депті әулие.
Қуанып кеткен ағамыз:
-Елуге дейін шыдасам байып кетемін бе? -деп сұрайды.
-Жоға, елуден кейін етің үйреніп кетеді да...- деген екен әулие.
Айдар Темірбекұлы