Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Өмірбаяны

Oinet.kz 05-09-2020 1103

Қосанов.jpg

Өмірбаяны

Отбасы және балалық шағы

1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді.

1981-жылы Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді.

1981-1982 жылдар – Жаңақазалы стансасындағы №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі.

1982-жылдан – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті.

1983-1985-жылдары – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы).

1985-жылы оқуын жалғастырды. Факультет комсомол комитетінің хатшысы боп сайланды. Лениндік стипендия иегері болды.

1989-жылы университетті үздік тәмамдады.

Әкесі - Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы - Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова.

Жұбайы - Роза Мұратқызы Қосанова.

Балалары - Индира, Томирис, Ғалымжан

Қызмет жолы және саяси мансап

1989-жылдың наурызынан – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі. 1990-жылдың маусымында балама негізде (4 үміткердің арасынан) Алматы қаласы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы боп сайланды. Кейінірек – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жастар істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы.

1993-жылдың сәуірінен – Жастар ісі жөніндегі жастар комитеті төрағасының орынбасары. 1994-жылдың наурызынан – ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрінің орынбасары.

1994-жылдың қыркүйегінен 1997-жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы – Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің жетекшісі.

1998-жылдың наурызынан – «Реформа» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының президенті.

1998-жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП) атқару комитеті төрағасының орынбасары. 2000-жылдан – ҚРХП атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан демократиялық күштері Форумының теңтөрағасы.

2006-жылдың сәуірінен – «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) қозғалысының бас хатшысы.

2006-жылдың қыркүйегінен – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) бірінші орынбасары.

2009–2012- жылдары - біріккен оппозициялық «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы.

2012-жылдан – тәуелсіз саясаткер.

Саяси көзқарасы үшін қылмыстық айып тағылып, бір жыл бас бостандығынан шартты түрде айырылған (2003 жыл).

Рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырып, жүргізгені үшін үш рет 15 тәулікке абақтыға қамалған.

Оның өзіне және отбасына қарсы бірнеше дүркін арандатулар мен үркіту акциялары ұйымдастырылған. 1998 жылы маска киіп, қолына шоқпар ұстаған бір топ адам түн ішінде оны үйінің маңында аяғы ауыр жұбайының көзінше аяусыз соққыға жықты. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

2000 жылдың басында түн жамылған қаскөйлер пәтерінің есігін сыртынан бетондап кетті. Терезесіне тас лақтырды. Тіпті келесі күнге оның жаназасын тағайындап, мәйітін алып жүруге қажетті автокөлікке тапсырыс берілген, жерлеу рәсімінің ақшасы төленген!

2018 жылы әріптестерімен бірге «Жаңа Қазақстан» Форумын құрды. Оның құрамына танымал қоғам қайраткерлері енді. Бірақ Форум тіркелуден өте алмады.

2019 жылы 9 маусымда өтетін сайлау алдында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.

Марапаттары

1994-жылы Қазақ теледидарында жасаған авторлық хабарлар циклі үшін Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.

2002-жылы Орта-Азиялық саяси зерттеулер агенттігі оны «Жыл саясаткері» атады.

Мақалалары баспасөзде жиі жарияланып жүр, бірқатар республикалық басылымдарда авторлық бағаналар жүргізіп келеді.

Өлеңдері поэзиялық жинақтарда, әдеби журналдар мен газеттерде жарияланған.

Сырлы Созақ
СОЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ТАРИХТА ТАҢБАЛАНУЫ (XX ғасырға дейінгі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу