Қазақша қысқа әңгімелер

Oinet.kz 05-09-2020 1440

Қысқа әңгімелер.jpg

Қараша үйдің сыртынан дүбірлеген ат тұяғының дауысы етілді. Енді бір сәлдесін дүбір тіптен көбейіп, адамдардың қиқулаған дауысына ұласты. Қалың көрпенің үстінде жамбастай жатқан қария басын көтеріп алды. "Көкпар!" деп күбір етті. Делебесі қозып босағада ілінген  қамшысына қарады. Атып тұрмаққа талпынып еді екі ұмтылғанда бойын тіктей алмады. Сылқ етіп қайта отыра кетті. Қарт шабандоз тағыда күбір етті: "Ее, қызыңды ұрайын сексен жеті ай!" Тағыда сыртқа құлақ түріп еді, жалындаған жастық шағы ат дүбірімен бірге алыстап бара жатқандай сезінді, қария

******

Қарт ана қаладан келер қасқа жолға ауық, ауық көз тігіп қарай берді. Арасында жеңіл күрсініпте қояды. Құрсағынан шыққан он баланың тоғызы өзінің айналасында өмір сүріп жатыр. Жаман шалы қасында. Бірақ көңіл құрғыр алаңдаулы.

Алаңдаған ана көңіліне "онның бірі" жетпей тұр да

******

Ұлпан ауыл шетіндегі дүкеннен келе жатыр. Ол тым асығыс еді. Алақандай ауылда екі ғана көше бар. Ұлпан сол қос көшенің қиылысар тұсына келгенде кілт тоқтап тұра қалды. Іштей үйіндегі тірлігін ойлап асығып ақ тұр. Бесіктегі бала, ашыған нан, төсектегі қария, ... бәрі, бәрі мұны үйде күтіп отыр. Бірақ Ұлпан алға бір қадамда баспады. Себебі, сонау көшенің көз жетім басында ауыл қариялары асықпай аяңдап келе жатыр еді. Солардың алдын кесіп өтуге ұялып тұр. Шешесі мен енесі үйреткен қазақы тәрбиенің қамалынан аса алмай тұр. Қариялар қасына келе бере иіліп сәлемін салды. "Көп жаса, өсіп-өн, айналайын" деген батасын алды. Ұлпан аз уақыт күткеніне өкінбейді, қайта өз ісіне көңілі толып қуанып қалды. Қариялардан бата алғанына көңілі марқайып енді үйіне қарай асыға жөнелді.

*****

Қазақтар қалада тұрғанымен қазақылығы ауылда жүр!

Айдар Темірбекұлы

Фейк деген кім?
Таукент туралы. Таукенттегі күндер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу