Фейк деген кім?

Oinet.kz 05-09-2020 1115

Мысық.jpg

Бір топ үйректің ұшып бара жатқанын көрген Бүркүт:

--Қайда барасыңдар? - деп сұрайды. Үйректер:

--Мына көл әбден былғанып бітті. Басқа таза көл іздеп барамыз -десе, Бүркіт айтатқан екен:

--Мына көтендерің аман болса әлі талай көлді былғайсыңдарғой -деп)

Сол айтқандай, ФБда әркімнің парақшасын былғап жүретін Фейктер көбейіп кетті. Мақсаттары белгісіз. Бірақ қара ниетті екендері анық. Байқасаңыз, ортаға от салып пікір таласты ушықтырып отырады. Мәдениеттен жұрдай. Үлкен, кіші демей сенсіреп ойына келгенін жаза салады. Кейбірінің діннен, саясаттан, т. б. жанжақты хабары бар екені байқалады. Ондайлардың артында, "тәрбиесіз білім алғандар" отырғаны анық.

Артында адам тұрғандықтан, санасында саңылауы бар Фейктерге айтарым, -Сендер қаңғырған үйрекке ұқсап қай көлге қонсаңдарда ерік өздеріңде. Тіпті, достар тізімінде тізбектеліп жүрсеңдерде қарсылығым жоқ. Тек, достық қолын қабыл алған, айдын көлдей таза көңілдерді боқтық сөздеріңмен былғап кетпесеңдер болғаны да. Өйткені, сөз салмағы тым ауыр. Тіпті, кейбір сөздің ауырлығын жүректе көтере алмау мүмкін!

Айдар Темірбекұлы

Айдар Темірбекұлы. Көңілім көктем еді
Қазақша қысқа әңгімелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу