Қыз бала қанша жасында тұрмысқа шыққаны дұрыс?
Қыз бала - ерекше жаратылыс. Қанша ұрсаңыз да сынбайтын шыны болуы мүмкін. Немесе жәй ғана бір түрткенге жаны жараланып қалуы да мүмкін. Қырық жаны бар әйел заты кейбір "еркек-сымақтардан" әлдеқайда жоғары. Бірақ, қалай болғанда да ер адам - ол ер адам. Сондықтан қанша мықты болғаныңмен ерді ер қылып биікте ұстау керек.(деп ойлаймын, әрине, 32 жыл отбасы болған адамның әңгімесін айтып отырған шығармын, бірақ бұл тек өз ойым)
Ал енді тақырыпқа оралайық. "Қыз баланың қанша жаста тұрмысқа шыққаны дұрыс?"-деген сұраққа жұрттың сан түрлі пікірі бар.
Тізіп көрейін:
1. Оқуды бітіріп, жұмыс жасап, қыдырып, карьера қуу керек. 30-ға келіп те күйеуге шығып, бала туып үлгересің.
2. Оқуды бітірген бойда алам деп тұрған адам болса, кету керек. Қыз баланың басты міндеті - осы.
3. Оқып жүріп те күйеуге кетіп, бәріне үлгеруге болады.
Көп пікірді осылай 3 топқа топтастырдым. Негізі әрбір қыздың кішкене де болса ойы болатын сияқты, 20,21,22,23,24,25,26 жаста тағысын тағы кете береді. Бірақ әркімнің тағдыры әр түрлі. Маңдайыңа жазылған көресің + өзіңнің жағыңнан да ықпал болады.
Менің бір байқағаным, тұрмысқа ерте шыққандар "жүр, оқы,қыдыр"-дейді. Ал кеш шыққандар "кетіп қал, ешкім ештеңе демейді"-дейді. Бірақ қазір біреудің сөзін тыңдайтын заман емес-ааау. Бәрі өз қалағанын жасайды. Жасауға тырысады. Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Неде болса, кез келген адам бәрін тек шын бақыты үшін жасаса екен. Отбасын құруды ақшамен өлшейтіндер де жоқ емес қой. Қорқамын солар үшін. "Сезім+сыйластық=бақытты отбасы". Негізі қысқаша формула осы сияқты.
P.S: Ал сіз, қыз бала қанша жаста тұрмысқа шыққан дұрыс деп ойлайсыз?