Уақытты тиімді пайдалану әдістері

Oinet.kz 01-09-2020 1025

20 жасында адам, әдетте, оқу бітіріп жатады. Көбісі бұл шақта әлі жұмысқа орналасып үлгермегендіктен, уақытын өзіне жұмсауға мүмкіндігі бар. Ал, енді сол уақытты қалай өткізуге болады?

Оқушыларға уақытты тиімді пайдалану - Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар -

1. Саяхаттау. Егер мүмкіндігіңіз болса, саяхаттауға уақыт табыңыз. Жаңа жер, жаңа ел көріп, өзге жердің мәдениетін, өмір сүру салтын тануға асық болыңыз.

2. Жаттығу. Бұл дегеніміз - міндетті түрде фитнеске жолдама алу емес, ең болмағанда күніне 30-60 минутты жаттығуға арнау. Үйде жасауға болатын жаттығулармен айналысып, не сыртқа шығып жүгірудің өзі де жеткілікті. Денсаулығыңызды күтіп, оны сақтауыңыз қажет.

3. Жаңа білім. Жыл сайын жаңа біліммен сусындауды мақсат етіп қойыңыз. Мысалы, домбыра, гитара ойнау, өлең шығару, жүзу, жаңа тілді меңгеру. Жыл сайын дамуға ұмтылыңыз.

4. Ерікті болу. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – игі іс. Қоғамда «ілгері жылжу» деген қағида қалыптасқан. Алайда, арасында артқа қарап, көмекке зәру адамдарға мүмкіндігінше көмектескен абзал.

5. Инвестициялауды меңгеріңіз. Бұл білім сізге қаражат мәселесін уайымдамау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

6. Отбасымен уақыт өткізу. Қандай жағдай болмасын сіздің жаныңызда қалып, арқа сүйейтін адамдар саусақпен санарлық. Әрине олар - сіздің отбасыңыз. Сондықтан ешқашан олардан өзіңізді шеттетпеңіз. Барынша уақыт тауып, көңіл бөлуге тырысыңыз.

7. Жаңа таныстар. Егер досыңыз сізді кері тартып, кедергілер келтіре бастаса одан бас тартуға тура келеді. Сіз үнемі дамуыңыз керек. Сондықтан, өзіңізге шын дос, серік іздегеніңіз абзал. Әдетте, миллионерлер сізден деңгейі жоғары адаммен дос болу керектігін айтады. Ойланыңыз.

8. Бір саланың білікті маманы болу. Өзіңізге ұнайтын, жаныңызға жақын саланы анықтап алыңыз. Сол бағытта дамып, нағыз маман атануға тырысыңыз.

9. Жазу. Ойларыңыз іске ассын десеңіз, алдымен оларды қағаз бетіне түсіріңіз. Неғұрлым «жақсы» нәрселерді жазсаңыз, соғұрлым ол арманның орындалуына жақындайсыз. Ал жақсы дегеніміз - бір сөйлем емес, сол ойды іске асырудағы жоспардың жобасын құру.

Таңертең ерте тұрудың 6 пайдасы
Адам туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу