Қазақ сәбидің шашын неге алғашқы 40 күнде алмаған

Oinet.kz 30-07-2020 999

Омырау обырына себепші — баланы ұзақ емізу | QAZAQSTAN DAUIRI

Қазақ халқы жаңа туған сәбидің әр әрекетіне ерекше көңіл бөліп, әрқайсын дәстүрге айналдырған.

Сәбидің алғаш сөйлегені, жүргеніне дейін мән берген. Тіпті, алғаш рет шаш алу рәсіміне де байыппен қараған. Мұны қазақта "қарын шаш" дәстүрі деп атайды.

Маманның айтуынша, сәбидің алғаш рет шашын алудың да өз рәсімі бар. Қазақта қырқынан шыққан баланың қарын шашын алады екен. Оған дейін сәбидің шашын алуға болмайды деп саналады. Егер қырық күнге дейін шашын алып тастаса, оның өміріне қауіп төнеді деп ырым еткен.

Сонымен қатар, баланың шашын алуға ауыл үлкендері мен даналарын шақырған екен.

Қарын шашты екінің бірі ала бермейді. Сәбидің шашын алғаш рет аталас туыстардың ішіндегі немесе ауылдағы көпті көрген қария алуы қажет. Баланың шашына бірінші кімнің қолы тисе, сәби соның мінезіне ұқсайды деп ырымдаған.

Шаш алатын ұстара өткір болса, баланың да тілі сондай өткір болады деп сенген. Ал ұстараның ұшы нашарлау болса, бала бос белбеу, сылбыр болып өседі деген. Сондықтан қазақ халқы қарын шашты алатын кезде ұстараны мүмкіндігінше қайрап алған. Не болмаса, су жаңа ұстара алуға тырысқан.

Бұрын қолданылған ұстара болса, кейін баланың мінезі қырыс болып, басы ауырады деп қорыққан. Тіпті, жұқпалы ауруға ұшырайды деп сенген. Сосын сол ұстараны басқа нәрсеге пайдаланбай, қабына салып сақтап қойған.

Кейін баланың қарын шашын алған адамға шапан кигізіп, мал берген екен.

Шаш алудың да өз шеберлігі бар. Баланың шашын маңдайына дейін тақап алмаған. Сондай-ақ көк желкесіне дейін қырмайды. Әйтпесе, баланың ажары ашылмайды деп қорыққан. Мұндай кезде маңдайы тар, мінезі қырсық, жұмсасаң тіл алмайтын бала болып өседі.

Қазақ "ақ маңдай", "жазық маңдай" деген тіркестерге көп көңіл бөлген. Ол адамның ажарын сымбаттап, мінезін бейнелеу үшін қажет. Шашты маңдайға дейін алмайтын ырымның себебі осы.

Алынған шашты далада тастауға болмайды. Жанып жатқан отқа тастап, өртеп жібереді. Бұл мінезі өрттей қаулап, жалындап өссін дегені. Не болмаса, бәйтерек, ши, жоңышқа сияқты өсімдіктердің түбіне барып көмген. Сол кезде баланың шашы қаулап өседі деп ырым еткен.

Миды баяу өлтіретін 10 қауіпті әдеттер
Қазақта киелі саналатын сандар шоғыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу