Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Халқымызда киелі саналатын бір шоғыр сан бар. Ондай сандар тілімізде де сақталған.
Қазақ ұғымындағы киелі сандардың қатарына үш, бес, жеті, тоғыз сияқты онға дейінгі тақ сандар жатады.
Әр мәдениетте өзіндік сандар символикасы бар. Және сол сандарда сол мәдениеттің өзіне тән сенімі, әдет-ғұрпы, өмірлік дүние-танымы туралы ерекше ұғым бедерленген.
Соның ішінде қазақ мәдениетінде 3, 7, 9, 40, 13 сандары ерекше мәнге ие болып есептеледі.
3 саны — Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында қасиетті сан болып есептеледі.
Мысалы: «үш би», «үш бәйтерек», «үш артық», «үш жамандық» — деген сияқты. Халқымыз әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген.
Сондай-ақ әр санды орнына, маңызына қарай қолданған. Әр санның мақсаты мен мағынасы болатынын сезген, түйсінген.
7 саны — Көшпенді қазақ мәдениеті үшін өте қастерлі сан.
Жеті санымен байланыстырылып айтылатын ұғым дәстүрімізде де, тілдік мәдениетімізде де көп сақталған. Соның бірі — жеті амал.
Жеті амалға табиғат құбылыстарын жатқызады. Одан кейін, «жеті ғашықты» айтамыз. «Жеті жарғы» деген Атазаңымыз тағы бар.⠀
Жеті санымен бірге айтылатын сөздің тағы бірі — «Жеті жетім», «Жеті жоқ» деген сөздер бар. «Жеті қазына», «Жеті мүше», «Жеті тылсым», «Жеті жұт» сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.
9 саны — Бұл сан араб мәдениетімен, дінмен байланысты енген.
Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру»,«Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (құдалықта орындалатын дәстүр) сияқты сөздер тегін шықпаған болу керек.
40 саны — Қазақ мәдениетінде құдіретті сан.
Қырықтың басқа сандардан ерекшелігі – «оның сокралдық мәні шамандықтардан бастау алады» деген зерттеу бар.
Өйткені, шамандық сенім бойынша, адамды қырық күн бойы емдеу, қырық түрлі шөпті араластырып жасаған дәрі ішкізу, оны қырық күн бойы ішу деген сияқты ислам дініне дейін 40 санына деген сенім мәдениетімізге тастай сіңген.