Шөкеев отставкіге арыз жазды ма?
Соңғы кездері Шөкеевтің шаңы шықпай қалды. Басқа-басқа Президент Н. Назарбаев Оңтүстікке келген сапарында оң жағында осы Өмірзақ Шөкеев тұрушы еді, Шымкентке келген соңғы сапарында Елбасының төңірегінен Шөкеевті көре қоймадық. Әйтсе де ел арасында сөз жатқан ба?! «Свобода слова» газетінің жазуына қарағанда Астанадағы «кландардың» айқасының салқыны тиген болуы керек, Өмірзақ Шөкеев отставкаға кету жөнінде өтінішін жазып берген көрінеді.
Жасыратыны жоқ, біздің елде Өмірзақ Шөкеевтің орны бөлек. «Қане, сөзі мен ісі жарасқан, іскерлік қабілеті мол, мықты басқарушы кім бар?» дегенде ең алдымен аузымызға осы Өмірзақ Шөкеев ілігеді. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас министрлердің бірі Шөкеев әкімдік қызметте де, Үкіметте де өзінің іскер қабілетіне дақ түсірген жоқ. Қостанайды құлпыртып, Астананың ажарын ашқан Шөкеев Оңтүстіктің тізгінін бар-жоғы 11 ай ұстағанымен, осы қысқа мерзім ішінде жылдар бойы атқарылмаған тірліктерді тындыра алды. Елорданы да ретке келтіріп, гүлденуіне үлкен үлесін қосқан Өмірзақ Естайұлының бірінші вице-премьер қызметіне тағайындалуы оның Елбасының ең сенімді кадрларының бірі екенін дәлелдейді. Тіпті сарапшылар Шөкеевтің көп ұзамай Үкімет басшысының орнынан көре бастаған-ды. Егер «Свобода слова» газетінің жоғарыда жазғаны рас болса, содан бергі уақытта Шөкеевтің отставкасына қатысты Елбасының қол қойған, қоймағаны жайлы әңгімені шеті шығып қалатын еді. Бүгінде Шөкеев отставкіге кеткен жоқ.
Оinet.kz мұрағатынан