Қыстың күнгі «Алтын күз»

Oinet.kz 26-11-2009 963

Screenshot_9.jpg

«Балапанды күзде санайды». Жиын-терім аяқталып, облыстық Жұмат Шанин атындағы драма театрда ауыл шаруашылығы қызметкерлері дәстүр бойынша «Алтын күз» мерекесін қыстың алғашқы күні--1 желтоқсанда арқа-жарқа атап өтті. Алдымен Әл-Фараби атындағы алаңда азық-түлік, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Әсем ән-күймен, мың бұралған бимен өрнектелген мереке облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қанат Ыдырысовтың баяндамасымен басталды. Биыл ауылшаруашылық саласы айтарлықтай табыстарға қол жеткізіпті.  

Агроөнеркәсiптiк кешен бойынша биыл облыстық азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетiн дамыту, егiн алқаптарының тиiмдi құрылымын түзу, ауыспалы егiс айналымын енгiзу және өңiрлiк  мамандандыру мақсатында  ауыл шаруашылығының егiс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргiзілген. Соңғы жылдары тиiмдiлiгi төмендеп бара жатқан мақта егiстiгi 34,6 мың гектарға азайтылып, пайдасы мол дақылдардың алқаптары ұлғайтылыпты. Атап айтқанда, дәндi дақылдардың егiстiк көлемi 189,6 мың гектарға, мақсары — 66,8 мың, көкөнiс — 25,6 мың, мал азығы 32,9 мың гектарға жеткiзiлдi. Бұл жерде жүгерi егiстiгiнiң 7,6 мың гектарға артқанын айта кету қажет.  Егiстiк алқаптарын әртараптандыру биыл қосымша  258 мың тонна астық, 155 мың тонна көкөнiс, 72 мың тонна бақша өнiмдерiн, 11 мың тонна жемiс-жидек пен 18,6 мың тонна жүзiм  алуға мүмкiндiк бердi. Бұл тек  қолайлы ауа райының әсерi ғана емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған және Үкiметтiң мәжiлiсiнде мақұлданған алдыңғы қатардағы iс- шаралар бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесi болып табылады. Осы бағдарлама аясында тамшылатып суару жүйесi енгiзiлуде. Жылыжай шаруашылығының саны, қайта өндеу кәсiпорындары, тауарлы-сүт фермалары және мал бордақылау алаңдарын кеңейту жұмыстары жүргiзiлуде. 

Тамшылатып суару жөнiндегi барлық инвестициялық жобалар әр аудан бойынша нақты анықталып, оларды жүзеге асыру әр жылға бөлiнiп қойылған. Ағымдағы жылы тамшылатып суару әдiсi екi есе артып, екi мың гектар алқапқа енгiзiлдi. Ал, 2012 жылы тамшылатып суарудың жалпы көлемiн 50 мың гектарға жеткiзу жоспарланып отыр. Мамандардың есептеуi бойынша, тамшылатып суару әдiсi енгiзiлген жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi 2,5 есе артып, су шығыны 3 есе азаяды. Мұны осы технологияны енгiзген кейбiр шаруашылықтардың, атап айтқанда, қызанақ өндiрiсiнде тамшылатып суару әдiсiн  қолданған «Жаңа Ақдала» фирмасының жұмыс нәтижелерi көрсетiп отыр. Осыған орай, Түркiстан қаласында  «Оңтүстiк» ӘКК тарапынан ұйымдастырылған арнайы зауыт жұмыс iстей бастағанын айтқан жөн. Ол тамшылатып суару жүйесiне қажеттi бөлшектердiң өндiрiсiн жолға қойды. Облыс халқын және солтүстiк өңiрлердi жыл бойы жемiс-жидек өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай  шаруашылығын дамыту қолға алынуда. Өткен жылы жылыжайлар 90 гектарды құраса, ағымдағы жылы 126 гектарға жеттi. Ал, 2010 жылы жылыжайлардың жалпы алаңын  146 гектарға дейiн ұлғайту жоспарланып отыр. Өндiрiлген өнiмдi сақтап, тұтынушыға үздiксiз ұсынып отыру мақсатында арнайы қоймалар салынуда. Олардың көлемi 2012 жылы  70 мың тонна өнiм сақтауды қамтамасыз ететiн болады. 

Жердi тиiмдi пайдалану үшiн көктемде ауыл шаруашылығы жерлерiн түгендеу жұмыстары жүргiзiлiп, пайдаланылмай жатқан  189,5 мың гектар жер  анықталды. Оның iшiнде 86,2 мың гектар  суармалы алқап бар. Ағымдағы жылы  мелиоративтiк ахуалды жақсарту мақсатында 44,6 мың гектар жер, 1196 шақырым суландыру жүйесi мен каналдар қалпына келтiрiледi.  

Мал шаруашылығы саласының инфрақұрылымы едәуiр жақсаруда. 2012 жылға дейiн 22 мал сою орындары салынбақ. Кемiнде 200 мал күтiлетiн 44  бордақылау алаңын және кемiнде 150 сиыр тұратын 42 тауарлы-сүт фермасын өндiрiске қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейiн 2 мал сою орыны, 16 мал бордақылау алаңы, 4 тауарлы-сүт фермасы,  95  қолдан ұрықтандыру пунктi iске қосылатын болады. Асыл тұқымды мал өсiру желiсi едәуiр өскен.  Ағымдағы жылы қосымша 18 шаруашылық  аттестаттаудан өтсе,  2012 жылы олардың саны 186-ға жетпекші.  

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу көлемi жыл  басынан берi 5 пайызға өсiп,  67,3 млрд. теңгенi құрады. Биылғы жылы еттi қайта  өңдейтiн 8 кәсiпорын, 5 сүт және жемiс-жидек өнiмдерiн  ұқсататын 11 кәсiпорынды  iске қосу жоспарланып отыр. Агроөнеркәсiп кешенiн жедел дамыту мақсатында облыста республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлiнiп,  инвестициялық жобаларды қаржыландыру iске асырылуда. «ҚазАгро» АҚ-ы арқылы 15 инвест жоба қаржыландырылып отыр, оның iшiнде 6 жоба жүзеге асырылған. 2009 жылы «Максимум» АИО  агроөнеркәсiп  кешенi бойынша жалпы сомасы 2,0 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды қаржыландырады.  Қаржыландыру екi жақтың үлестiк қатысуы жағдайында жүргiзiледi. Қаржылай лизингтiң  жылдық  үстемесi  9,5 пайыз төңiрегiнде болып отыр. Бүгiнде жалпы сомасы 517,4 млн. теңгеге  7 инвестициялық жоба қаржыландырылды. «Максимум» АИО жанындағы «Ырыс» шағын несие беру ұйымы арқылы ағымдағы жылдың 9 айында жылына 7%-бен жалпы сомасы 1,0 млрд. теңгеге 546 жоба қаржыландырылды. Оның iшiнде 80,0%-ы —  жалпы сомасы 908,5 млн. теңгенi құрайтын ауыл шаруашылығы саласының жобалары.

Облыс мақташылары жиын-терiм науқанын аяқтау қарсаңында. Өндiрiлген өнiм жылдағыдан кем емес. Бүгiнге дейiн қырманға 271  мың тонна  мақта түстi, мұның  190 мың тоннасы мақтааралдықтардың үлесiне тиесiлi.

«Алтын күз» мерекесінде көрсеткіштері бойынша көш басынан көрінген аудан әкімдеріне салтанатты түрде ауыспалы ту тапсырылып, жекелеген еңбек озаттары облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Рейтинг: Бұлар бірінші орын иеленді.

Созақ ауданы-мал басын өсірген және мал шаруашылығы өнімін көп өндіруші (аудан әкімі Созақбай Әбдіқұлов).

Отырар ауданы-асыл тұқымды мал басын көбейтуші (аудан әкімі Бейбіт Сыздықов).

Мақтаарал ауданы-озат мақта өндіруші аудан ( аудан әкімі Қасымбек Хаметов).

Сайрам ауданы-озат астық өндіруші (аудан әкімі Мұхит Әлиев).

Түлкібас ауданы-озат мақсары өндіруші (Ерғали Сарманов).

Мақтааралда ана өлімі жасырылған
Сармановтың жағдайы мәз емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу