Бір қолды қарақшылардан айла артылмай тұр

Oinet.kz 06-03-2009 821

Screenshot_1.jpg

Ел арасында «бір қолды қарақшылар» атанып кеткен ойы автоматтарынан енді  құтыламыз деген үмітіміздің күл-талқаны шықты. Осыдан тура бір жыл бұрын Парламент «Ойын бизнесі туралы» заң қабылдап, ақшаға ойын өткзетін ойын-сауық орталықтарына тыйым салғанда қуанғаннан алақайлап, бөркімізді аспанға атқан едік. Сөтсек, мұнымыз бекер екен. Қазір ойын залдары жабылмақ түгілі, жыл өткен сайын көбеюде. Рулетка бизнесінің жілігін  шағып, майын сорғандар заңның әлсіз тұсын оп-оңай тауып, қарапайым қадам жасау арқылы тағы да жеңіп шықты. Енді ойын залындағы ұтыс ақшалай емес, заттай берілетін болды. Рулеткамен ойнап, жеңімпаз атансаңыз сізге Актив пен Билайн бірліктерін, немесе бензин талондарын ұсынады. Тіпті, арнайы бекітілген баған да бар: Активтің 1000 бірлігі – 900 теңге. «Бір қолды қарақшылар»  құмар ойындарға әуес жандарды бұрынғысынша жан дүниесін жаулап алуды жалғастырып жатыр.

Бүгінде ірі қалалардағы кез-келген бильярд залы, клуб мен кафеден рулетканы табасыз.  Мәселен, Қызылорда қаласының өзінде 40-тан астам ойын залдары кедергісіз жұмыс істеуде. Сарапшылардың пайымдауынша, еліміздегі ойын автоматтарының 90 пайызы өзгеріске ұшыраған. Яғни, ұтыс рулетка қожайыны қалаған кезде беріледі.   

Бір қызығы, заңсыз  бизнесті құрықтауға ешкімнің әлі келмейді. Тіпті, әкімдіктерді былай қойғанда қаржы полициясы мен  салық комитеті де қауқарсыз. Біріне-бірі сілтеумен ғана шектеледі. Бұның себебі – нақтылы ақша айналымы болмағандықтан, ойын бизнесіне ешқандай заңдық шаралар қолдануға мүмкіндік болмай тұр. 

Жуырда спорт және туризм вице-министрі Қайырбек Өскенбаев  ойын бизнесі туралы заңға өзгеріс енгізу қажеттігін айтып, жаңа заң жобасының түзіліп жатқанын жеткізді. Бұл жобада ақшалай ұтыс бермейтін ойын автоматтарына да шектеу салыну қаралған. Алайда, заңға өзгеріс енеді дегенше қай заман? Оған дейін ойын бизнесінің қожайындары қарап жатпай, тағы бір айла табатыны анық. 

Бейбітбек Бүркітбайұлы,

«Рейтинг», 

Қызылорда облысы.

Әкімдерге сын сағат туды
Жетпісбаевтың жұмысы жетісіп тұрғаны шамалы екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу