ОҚО-да 2007 жылы 11 айда 2283 отбасы ажырасқан

Oinet.kz 17-01-2009 1166

Screenshot_3.jpg

Шаңыраққа шаттық, шуақ сыйлап отырған асыл жары бола тұра екінші әйелмен байланысып, одан сәби сүйіп жүрген еркектердің бәрін бәрдей еріккеннің, желіккеннің тірлігі деп есептемеу керек. Өйткені, әрбір еркектің тағдырына тереңірек үңілсеңіз бұл қате жорамал екенін қапысыз түсінесіз. Мына оқитғаны саралап көерйікші. Жасы егде тартқан тұста елге кеңінен танымал бір азаматтың жалғыз ұлы жол апатынан қаза болды. Әлгі азаматтың үміт артқан үш бірдей қызы бар еді. Дегенмен, «жатжұрттық»   саналатын олароның жиған-терген дүниесіне, ең бастысы өзінің, ата-бабасының аты жоғалмай, оты өшпей түтін түтетуі тиіс қарашаңыраққа ие болып қала алмайтыны белгілі. Мұндайда не істеу керек? Ол отбасының ойранын шығарып, шырқын бұзып, қызғалдақтай құлпырған қыздарын «жетім» қалдырып, әйелімен ажырасқан жоқ. Қайта екеуі өзара келісімге келіп, жалғыз ұлдың жылын өткізген соң жаңағы еркек байланысқан екінші әйел келер жылы шекесі торсықтай, алтын асықтай ұл туып берді. Бүгінде екі жақ, яғни екі әйел бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап тұрады. Енді бір еркектердің  әйелі ұл тумай тек қыз туу пешенесіне жазылғандықтан «шаңырақтың иесі болар атбайлар екінші әйелден болса да мейлі», деп шарасыздықтан келісіп жүргендер де аз кездеспейді.

Әрине, екінші әйелмен байланысу барлық кезде осындай шарасыздықтан туындауда десек қателік болар еді. Байлығы бір емес, бірнеше отбасыны қатар асырауға жететін шенеуніктердің, депітаттардың арасында екінші, тіпті үшінші әйелмен сезімі жарасқандардың көп екені жасырын емес. Олардан бір емес, бірнеше балалары бары да белгілі. Қалай болғанда да, қандай жағдай туындағанда да екінші әйелден туған баласын «тірі жетімс» атандырмай оны өз атына заңды түрде жаздырып алып жүрген еркектердің әрекетін құптау керек сияқты. Қашқын әке атанғаннан бұл әлдеқайда дұрыс емес пе? Ресми дерекке жүгінсек, өткен жылы өз әйелінің рұқсатымен үйлі-баранды еркектердің өзге әйелдерден тапқан баласына өзінің фамилиясын беріп, әкелік құқығын заңдастырғаны туралы 10066 оқиға тіркелген. Бұдан шаңырақ шырқы бұзылып, ажырасу көбеймей қайта азайған. Дәлірегі, 2007 жылы 11 айда 2283 отбасы ажырасса, 2008 жылы осы мерзімде бұл көрсеткіш 2164 адамды құраған. Бұл деректер тек Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты. Сонымен екінші әйелден туған  баланы заңдастыру оңтүстікте көбейіп келеді. 

Бұған сіз қалай қарайсыз, оқырман? Келіңіз, ой бөлісейік.

Ғалымжан Қамытбекұлы

Шымкентте дәрігерлерді кінәлап 260 арыз жазылған
Абай Көмекбаев: «Уәдеңді іспен дәлелде»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу