​Кіндік ашып, қылады кімді ғашық?

Oinet.kz 20-11-2019 2174

Кіндік.jpg

Заманына қарай адамы. Шашбауының сыңғыры ғана естілетін қазақ қызының бейнесі тұңғиық түбінде. Қос бұрым кесілді, түсі кемпірқосақша құбылды. Сырғаның сыңғыры құлақта емес, мұрын мен кіндікте. Сояудай тырнақтар ертегідегі "жезтырнақты" еске түсіреді. Беттегі бес тонна бояу мен "жөндеу жұмыстар" жаға ұстатпайды қазір. Табиғи сұлулықты табу тау қопарудан да қиындап барады. Ұлттық киімді ұмытқанымызбен қоймай, батыстың сәнінен бас ала алмайтын күнге жеттік. Қысқа юбка, жыртық шалбар, тор көйлек... Қос етек көйлекке "қош" айтқан жастарға ақылшының жоғы тағы бар. Естиярларының өзі кең етегін тарылтып, бүтінді жыртыққа айырбастап жатыр. Себебін сұрай қалсаң, жауап жалғыз: "бұл 21 ғасыр" Замана талабы шешіну емес шығар ендігі?!

Қазақ қыздар эксгибиционист пе? Бұл сөздің мағынасын ұғыну қиынға соғар-ау... Эксгибициноист - өзінің түрлі мүшелерін өзгелерге көрсетуден раxат алатын адам. Олар екі түрлі болады: шынайы және жасанды. Шынайы - осы әрекетті жасаған кезде өзін- өзі бақылауда ұстай алмайтын болса, жасанды - адамның өз қалауымен жасалатын дүние. Сұрақтың мағынасын енді түсінген боларсыз? Америкалық мамандардың тұжырымы бойынша: "нәзік жандылардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде - эксгибиционист!" Келіскің келмейді. Алайда қоғамдағы көрініс мұны нақты дәлелдеп тұрғандай. Мойындау керек, қаракөздеріміз етектің шүберегін үнемдеумен көзге жиі түсіп жүр. Неге? Себебін ешкім, ештеңемен түсіндіріп бере алмайды.

"Көзі ашық, көкірегі ояу" бүгінде "көкірегі ашық, көзі бояу" тіркесімен қатар жүр. Бұған кім кінәлі? Қазақы құндылықты санаға сіңдіре алмаған ата-ана, әлде желіккен жас? Етек-жеңі жиюлы қыз бала ешқашан қор болған емес. Ақынның да, батырдың да анадан туарын ескерсек, бұл тұста тектіліктің атқарал рөлі зор. Әрбір ару - болашақ ана. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде жанның тазалығы мен тәннің тазалығы тең таразыланады. Осы тұста шариғаттың шәлісіне оранған сұлуларды сынауды қойып, саналы ұрпақ тәрбиелеуді қолға алған жөн. Сән қуамыз деп сан соғып қалмасақ игі.

Баянсұлу Әшірбай

Дінді пиарға айналдыру өнер жұлдаздары арасында неге көп?
​Айткүл Қылышбай: «Қартайған шағымда сот қаңғыртып жіберді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу