Тәжірибесі мол кәсіпорын
Құрылыстың нағыз қызған ордасынай айналған Түркістан қаласында жыл сайын қаншама ғимараттар мен нысандар салынып, пайдалануға берілуде. Зәулім, әсем ғимараттар қалаға тек көрік беріп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіде. Әсіресе қаладағы құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың жұмысын жандандыруда. Мамандардың дерегінше облыс орталығында өнім өндіру түрлері бойынша алдыңғы орында жиһаз өндіру және осы құрылыс материалдары тұр. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Себебі бұған дейін құрылыс материалдарының басым көпшілігі шетелден импортталатын және еліміздегі құрылысқа сол шетелдік тауарлар қолданылып келді. Ал бүгінде жағдай өзгерген. Қала құрылысына отандық өнімдеріміз қолданылуда. Бұл қала әкімінің тікелей қадағалауында десек те болады. Әрине құрылыс материалдарына сұраныс болмаса мұндай оң өзгерістер болмас еді. Демек Түркістанда өндіріліп жатқан өнімдердің сапасы жоғары деген сөз.
Қаладағы тұтынушылар тарапынан жоғары бағасын алған кәсіпорынның бірі «Нұр Строй ЛТД» . Аталған өндіріс ошағының сауда нарығында тәжірибесі мол. Кәсіпорын 2005 жылдан бастап жұмыс істеуде. Серіктестіктің негізгі қызмет саласы: жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерді салудың кешенді жобаларын әзірлеу, күрделі құрылысқа арналған жобалау жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары, жөндеу-құрылыс жұмыстары, күрделі құрылыс; кәсіпорындарға, ұйымдарға және жеке тұлғаларға әртүрлі қызмет түрлерін көрсету; электротехникалық қондырғылар мен жабдықтарды жобалау, монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары. Өндіріс ошағы жол өңдеуге, бағаналараға арналған, асфальт төсеуге арналған қажетті құрылыс материалдарын шығарады. Кәсіпорынның басты мақсаты тұтынушыларға қажетті кез-келген өнім түрін шығару арқылы қажеттілігін қанағаттандыру, сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге әлемдік нарықта, Қазақстан нарығында өз орнын қалыптастыру. Жыл өткен сайын өндірісін ұлғайтқан зауыттың қазіргі таңда бірнеше өңірде филиалдары жұмыс істейді. Атап айтқанда Шымкент, Кентау, Қызылорда қалаларында бөлімшелері бар.Әр филиалда аталмыш тауар ассортименттерін шығарумен айналысады. Мысалы Шымкент қаласында орналасқан филиалда темірден жасалған металлдық қондырғылар жасаумен шұғылданады. Айталық темірден жасалған КС-36 бағана салмағы 250 келіні құрайды. Ал сәкесінше Кентау қаласында трансформаторлық қондырғылар өндіріледі. Қызылорда қаласындағы филиалда болаттан жасалған жол астына арналған трубалар өндірумен айналысады. Бұл тауарлардың ерекшелігі төзімді ауыр салмақты төзімділікпен көтере алатындай сападан құйылып жасалынады. Дөңгелек трубалардың диаметрлері 1,0 және 1,5 метр, сүйір бұрышты трубалардың диаметрі 4,0те 2,5 метрді құрайды.
Түркістан қаласындағы кәсіпорынның жылдық қуаты 7200 тонна асфальтқа арналған құймаларды шығара алады. Ал сағатына 300 тонна. Ең басты ерекшелігі тапсырыс берушілердің талғамына сай көлемі 30-40 мың куб болатын құймалар жасай алады. Сонымен қатар кәсіпорында тек қана құрылысқа қажетті шебень, қиыршық тастар және құмды електен өткізіп шығарады. Сондай-ақ арық-атыздарға арналған бетондар, бордюрлер, керамзитоблок, кірпіш, тротуарға арналған кірпіштер тағы да басқа материалдарды өндіреді. Мұндағы қондырғылар заманауи, шетелдік жаңа аппараттар.
Кәсіпорында өндірілетін кірпшітердің сапасы өте жоғары. Үй құрылысына ауадай қажетті кірпіш қыста жылу ұстағыш, жазда салқынды қамтамасызт ететін, төзімді материал. Мұнда жасалатын кірпіштер ыстық температураға шыдас береді. Сондай-ақ беріктігінің арқасында сырттағы у-шуды ішке өткізбейді. Ал керамзитоблоктың артықшылаықтары: жоғары беріктік, жылу оқшаулау дәрежесі жоғары, аязға төзімділік, өртке беріктік; химиялық инерттілік пен қышқылға төзімділік, ұзақ мерзім бойы жарамдылық,
табиғи, экологиялық таза материал, баға мен сапаның тиімді қатынасы.
«Нұр Строй ЛТД» өндіріс ошағы бүгінде мемлекеттік мекемелермен, танымал Қазақстандық фирмалармен, компаниялармен серіктес ретінде жұмыс істеп келеді.