Ыстамбұл орталығында Тоқаевтың ФИФА басшысымен түскен суреті пайда болды

Oinet.kz 12-05-2023 575

Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.

"ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі", - деп түрік тілінде жазба жазылған.

Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Ыстамбұл орталығында, Айя-София мешітінен алыс емес жерде орналасқан жарнама экранын суретке түсіріп алды. Бұл жерден күн сайын туристер мен жергілікті тұрғындар легі өтеді.

Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

«Біз Путинге немесе Мәскеуге шабуыл жасап жатқан жоқпыз»: Зеленский
Тоғжан Қожалы, қоғам белсендісі: «Түрік қоғамы қазір екіге жарылып тұр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу