Назарбаев - Астанада, көмекшісі - Дубайда

Oinet.kz 31-01-2023 761

OINET.KZ - Тұңғыш президен Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын серіктерінің бірі,  елдегі ең жоғары лауазымдардың тізгінін ұстаған Ахметжан Есімов қазіргі уақытта Дубайда жүр. Ол сол жаққа отбасымен біржолата көшіп кеткенге ұқсайды. 

Screenshot_1.jpg

Ахметжан Есімов уақтысында Ауыл шаруашылығы министрі, вице-премьер, Алматы қаласының әкімі, одан кейін «Самұрық-Қазына» қорының жетекшісі  қызметтерін атқарған. Уикипедиядағы мәлімет бойынша ол 2021 жылдың сәуірінен бастап Тұңғыш президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі қызметін атқарады.  Есімов зейнеткерлікке шығар кезде Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған азаматтардың бірі. Алайда Есімовтың жұрттың бәрі білетін бұдан үлкен «атағы» бар. Ол- Назарбаевтың жақын туысы. 

Қаңтар оқиғасынан кейін Есімов туралы ешқандай ақпарат жоқ. Осы аралықта Елбасының қатысуымен өткен біраз  шараларда көмекші көзге түспеді. 

Телеграмдағы «Нурсултанский соловей» каналының жазуынша, Ахметжан Есімов Дубайға көшіп кеткенге дейін «Казфосфаттағы» үлестерін сатқан. Оның үлесі 300 миллион долларға бағаланған көрінеді. Есімовтың сондай-ақ,  «Jýsan Bank»-те 20 пайыз акциясы бар дейді. Ол шамамен 1,5 миллиард долларға бағаланатынға ұқсайды. Көмекші бұл  үлесін де жақын арада сатуы мүмкін деседі.

Есімовтен бөлек тұңғыш президентке жақын азаматтардың біразы бүгінде Дубайда тұрады. Олардың ішінде Елбасының қыздары Дариға, Әлия жұбайларымен бар. Сонымен бірге Дубайда тұратын жаңа қазақтардың қатарында олигархтар Тимур Құлыбаевтың, Кеңес Рақышевтің және экс-шенеунік Әділбек Жақсыбековтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевтың да аттары аталуда.

«Қазақстанда ер адамдарды зорлау жиілей бастады»: психологтар бұл мәселенің себебін айтты
Шымкенттің күні Машкеевичке қарап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу