Сәдібеков пе әлде Сатыбалды ма?
Түркістандағы Конгресс-холл ғимаратында Түркістан облысы аумағындағы мәслихат депутаттарының жиналысы өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша халық қалаулылары Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беруі тиіс.
Жиынға облыстағы 320 депутат қатысуда.
Дәл қазіргі уақытта жиынға елордадан арнайы келген Премьер-министр Әлихан Смайылов Президенттің облыс әкімі лауазымына ұсынған екі кандидаты-Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының өмірбаяндарын таныстыруда.
Ұласбек Сәдібек уақтысында Мәжіліс депутаты, Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. Қазір Сайрам ауданының әкімі. Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі.
Жиында депутаттар дауыс беруді ашық түрде жүргізу туралы шешім қабылдады. Қазір кандидаттар өздерінің бағдарламаларын таныстырып жатыр.
Жаңа әкімнің кім болатыны жақын уақытта белгілі болады.