Назарбаев билікті Тоқаевқа тапсыратын болды
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа береді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", - деп жазды Айдос Үкібай.