Байденді қаржылай қолдаған қазақ олигархы кім?

Oinet.kz 12-11-2020 1081

АҚШ-та биылғы сайлау ерекшелеу өтті. Жетпістен асқан екі мықты арасындағы саяси дода пандемиямен, Black Lives Matter қозғалысының салдарымен тұспа-тұс келіп, күрделеніп кетті. Дегенмен нәтижесінде Джо Байден 46-президент атанса, ал 4 жыл бұрын популизм толқынымен билікке келген  Дональд Трамп саяси карьерасын аяқтауда. 

14241.jpg

Джозеф Робинетт Байден 29 жасында Дэнуер штатынан сенатор болып сайланып, елдің ең жас саясаткерлерінің бірі атанған. Кейін осы қызметін 35 жыл бойы, яғни 1973-2008 жылдары атқарды. Бұған дейін екі рет президенттікке үміткер болған. Бірде праймеризге жетпей жолдан тайса, 2008 жылы Х.Клинтон мен Б.Обама алдын орап кетті. Обаманың билігі кезінде вице-президент болды. 

Сарапшылардың пікірінше, Байденнің 46-шы президент атануына: коронавирус пандемиясы, локдаун, шектеулер, одан туындаған жұмыссыздық, қызмет орындарының жабылуы, мамыр айында Миннеаполистегі қара нәсілді Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған Black lives matter қозғалысы, Трамптың көбіне популизмге беріліп, ел мүддесін қорғаймын деп әлемнің жартысымен қарым-қатынасын бұзуы сынды бірнеше фактор ықпал еткен сыңайлы. Трамптың қолдаушылары аз емес. Штаттардағы дауыс беру нәтижесіне қарасақ, көбінде Джо Байден қарсыласын 0,5-1% жеңіп жатты. Байденге 75 млн кісі дауыс берсе, Трампты 70 млн азамат қолдаған. 

Сарапшылар президенттік қызметіне қаңтар айында кірісетін Джо Байден Обаманың бастамаларын жалғастырып, Трамптың саясатын тоқтатпақ деген бо묬жам айтады. Ең алдымен, 2014 жылы Украинада кеткен есесін қайтарып, оккупацияланған Қырым үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялауы мүмкін. Оған қоса, Байден кезінде Ресеймен стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісімді жасақтауға қатысқан және бұл бағытта жұмысын жалғастыруы мүмкін. Ал Украинаның Донбаста әлі де соғыс жүргізіп жатқанын ескерсек, онда Байден Киевке жоғары технологиялық қаруларды сатуға келісіп те қалар. Бейбіт митингті басып отырған Беларусь билігіне қатысты да қатаң бағыт басшылыққа алынуы мүмкін. Себебі Лукашенконың халық қолдамаған іс-әрекеттеріне ләм-мим демеген Трампты Байден тамыз айында сынаған болатын. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап Байден Қытайға қатысты прагматикалық саясат жүргізеді деп болжануда. Яғни, ашық сауда соғысы жалғаспауы мүмкін. Байденнің жеңіске жеткені мәлім болғанда Қытайдың бірден АҚШ-тың сұйытылған газын сатып алуға келісімін беруі жақсы байланыс орнатуға ниетті екенін аңғартады.

Жаңа сайланған президент пен елімізді бұған дейін оның баласы Хантер Байден мен кәсіпкер Кеңес Рақышев байланыстырған сыңайлы. Бұл жайлы жақында Британияның Daily Mail газеті жазды. К.Рақышев сол кезде ағасы прокурор, әкесі вице-президент болған Хантердің есепшотына бірнеше мың доллар жіберді деген ақпар тарады. Сондай-ақ президент қыз¬метіне кіріскен бойда Джо Байден Трамптың бірнеше жарлығының күшін жоймақ деген мәлімет жария¬ланды. Нақтырақ айтсақ, ол АҚШ-ты климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу процесін тоқтатпақ. Сондай-ақ кейбір мұсылман елдерінен АҚШ-қа азаматтардың келуіне тыйым салବтын шектеуді де алып тастамақ.

Мәслихат өзгергенімен мәселе шешіле ме?
Шорнақтағы оқиға. Арандатушылық па әлде шектен шығушылық па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу