Шымкент пен Түркістанда депутат болуға лайық нәзік жандылар кімдер?

Oinet.kz 08-10-2020 1121

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасы бойынша Мәжіліс пен мәслихатқа баратын депутаттардың 50 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар мен әйелдер құрайды. Кешегі күні өткен билік партиясының праймеризінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан біраз нәзік жандылар бақ сынады. Олардың арасында жақсы нәтижеге қол жеткізгендері аз емес деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Рабиға Қуатбекова.jpg    

Рабиға Қуатбекова

Жалпы праймеризде депутаттық мандатты әлденеше рет иеленіп жүрген азаматтар көш бастады. Мәселен  Мақтаарал ауданын бақ сынаған Өмірзақ Мелдеханов – 62 пайыз, Нұралы Әбішев 46 пайыз дауыс алды. Бұған дейін Шардарадан депутат болған Рабиға Қуатбекова праймеризге Арыстан қатысып, мәре сызығына екінші болып келді. Жалпы, мәслихаттың осы жолғы шақырылымында  жалғыз нәзік жанды Рабиға Әбдімұсақызы екінші қайтара депутат болу мүмкіндігін толығымен қамтамасыз етті деуге болады. 

Рәшкүл Оспанәлиева.jpg

Рәшкүл Оспаналиева

Ал, облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Рәшкүл Оспаналиева бұл жолы додаға Шымкенттен қатысып, 22 пайыз дауысты иеленді. Мегаполисте жақсы нәтиже көрсеткен нәжік жандылардың қарасы аз емес. Олардың қатарында Сайрамдағы қосалқы мектептің директоры Жадыра Таңатарованы, қалалық мәслихаттың депутаты Төрайым Сұлтанованы, бұрынғы басқарма басшысы, қазіргі уақытта колледж директоры Альбина Елшиеваны ерекше атап өтуге болады. Бұл азаматшаларды мәслихаттың келесі шақырылымынан ойып тұрып тұрып алатындығында күмән жоқ сияқты.  

льбина Елшиева.jpg

Альбина Елшиева

Төрайым Сұлтанова.jpg

Төрайым Сұлтанова

Шымкент бойынша көштің басында сондай-ақ, қазіргі депутаттар  Бекайдар Төлегенов, Марат Сапарбаев, Нұрғазы Бұқарбаев та бар. Үздіктердің қатарында кәсіпкер Шыңғыс Қозбахов та жүр. Облыста да, мегаполисте де праймеризде төмен нәтиже көрсеткен «действущий» депутаттар жетіп, артылады. Демек бұларға мандаттың қайта бұйыруы екіталай.

Түркістанда шенеуніктер депутат болуға ұмтылып жатыр
Депутаттар династиясы-2. Әкесінің жолы баласына бұйыра ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу