Түркістанда өтетін саммит келесі жылға қалдырылды

Oinet.kz 29-09-2020 1062

Биыл күзде Түркістанда жоспарланған түркі мемлекетті басшыларының саммиті пандемияға байланысты келесі жылға қалдырылды. Мұндай мәліметті Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев Түркістанға жасаған сапары барысында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

- Мен мұнда саммит болады деп ойлағанмын. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты ол кейінге қалдырылды. Егер бәрі жақсы болса, біз наурызға қарай осы саммитті өткіземіз, - деді Елбасы журналистерге. 

Елбасы сондай-ақ, қасиетті қалада  халықаралық саяси, мәдени іс-шараларды көптеп өткізу қажеттігіне тоқталды.

- Біз мұнда ЕАЭО мемлекеттері басшыларының саммитін және Ресей – Қазақстан өңіраралық саммитін өткізуге дайындалуымыз керек. Мұнда жыл сайын музыкалық фестивальдар, жастар форумдарын өткізу қажет. Түркістанды тезірек таныту керек. Бұл – тарихи қала, түркілердің қаласы. Түркістан – шамшырағы қайта жанған көне шаһар,- деді Н.Назарбаев. 

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті былтыр қазанда Бакуде өткен болатын.  Сол жиында Елбасыға өмір бойы Түркі Кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесі берілді. Келесі саммит биыл күзде Түркістанда өтуі тиіс еді.

Қазақстан Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
«Армениядан көп адамдар келіп жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу