Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Мойындалмаған Таулы-Қарабақ республикасының басшысы Араик Арутюнян фейсбуктегі парақшасында әскердің қатары мыңдаған еріктілермен толығып жатқанын мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Армениядан көп адамдар келіп жатыр. Диаспорадан жүздеген хаттар алдық, - делінген оның жазбасында.
Таулы Қарабақ әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан Әзірбайжанның құрамына кіреді.1991 жылы Таулы Қарабақ республикасы жарияланғанымен, оны осы уақытқа дейін Біріккен Ұлттар ұйымына мүше елдердің ешқайсысы мойындамаған. Яғни, дәл қазір Таулы Қарабақтағы жағдай толығымен Әзірбайжанның ішкі шаруасы болып есептеледі.
Ал бұл қақтығысқа өз алдында бөлек ел болып есептелетін Арменияның араласуы жақсылыққа апармайды. Бұл әзірбайжан, армян ұлттары арасындағы соғысқа ұласып, оның соңы жалпы мұсылман-христиан кикілжіңіне айналуы әбден мүмкін.