Шымкенттік кәсіпкер Президенттен көмек сұрады

Oinet.kz 03-08-2020 1261

OINET.KZ - «Green Terra» ЖШС Бекарыс Жолбарысхан қолдан жасап отырған қиындықтарға тап болдық деп дабыл қағып отыр. Басты себеп, екі жақтама жасалған келісім шарттың уақытылы орындалмауы. Оңтүстіктен Атырауға барып, адал еңбек етіп, ақшаларын ала алмаған серіктестік ұжымы қазіргі кезде ел Президенті Қ.К.Тоқаевтан көмек көмек сұрауда.

Screenshot_1.jpg

Оқырманға түсінікті болуы үшін анық-қанығын жазайық.

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бұрынғы Азғыр полигон аумағында А-1, А-2,А-3, А-5, А-5 және А-10 алаңдарын қоршау жұмыстарын жүргізу» атауымен өткізілген электрондық конкурс түрінде өткен мемлекеттік сатып алу хаттамасы негізінде «Green Terra» ЖШС жеңімпаз болып танылады. 25 қараша 2016 жылы келісім - шарт, кейін 2016 жылдың 14 желтоқсанында қосымша келісім-шарт жасалып, шарттың жалпы соммасы - 40 155 805 тенге болып бекітілген. Ал орындалу мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсаны деп көрсетілген.

-Мердігер - «Green Terra» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқанына қарамастан 2017 жылғы 25 қарашаға дейін тапсырылған жұмыстың 85% шарт талабына сәйкес орындалғанын хабарлап (14.09.2017ж, 28.11.2017ж, 22.12.2017ж, 29.12.2017ж, 05.05.2018ж.) хаттар жолдап, Тапсырыс берушіден тексеру ұйымдастырып, жұмысты қабылдауды сұрадық. Тапсырыс беруші хаттарымызга орай іс - әрекет жасап, обьектінің басына қабылдау комиссиясы баратынын ресми түрде хабарлаған болатын. Сол хабарламаға сенім артып, жұмысты өткізу - қабылдау актілерін т.б. қажетті құжаттарды дайындап 31.12.2017 жылы күтіп отырдық. Алайда, Тапсырыс беруші объектінің алыста орналасқанын (Атырау қаласынан - 600км), техникалық бақылаушылардың жетіспей жатқанын сылтауратып, орындалған жұмысты қабылдауды кейінге қалдырды. Соның салдарынан объекті дер кезінде қабылданбай, қолдан жасалған қиындықтар орын алды. Ауа - райының қолайсыздығына қарамастан нысанда жұмыс процесі тоқтаған жоқ. Өз міндетімізді кешіктірмей, толық көлемде орындау үшін үстеме пайызбен несиелер алынып, 600 км аралықта қажетті материалдар тоқтаусыз жеткіздік. Алайда, Тапсырыс берушінің немқұрайдылығы кәсіпкерді орасан зор   материалдық шығынға ұшыратты. Атап айтқанда, алдын-ала өз есебімізден құйылған мемлекеттік кепілдік - 5 500 000 тенге күйіп кету қаупіне ұшырады. Оның үстіне, объектіде жұмыстың 15.12.2017ж. толық көлемде орындалғанына қарамастан тапсырыс беруші тарапынан орын алған салғырттық салдарынан 27 050 964  көлемінде қаржылай  зардап шегудеміз,  – дейді Б.Сағынбекұлы.

Мердігер мекеме басшысының айтуынша, техникалық бақылаушылармен арада келісім-шарт болмағандықтан, олар тапсырыс берушінің бақылауынан тыс өз бетінше әрекет ете алмайды екен. Сондықтан, әлдеқашан жұмысы аяқталған объекті қабылданбай келеді. 

Бүгінде Бекарыс Жолбарысхан ел Президенті Қ.К.Тоқаевқа, Жоғары Сот пен ҚР Бас Прократурасына үндеу жасап, көмек сұрауда. 

- Сіздердің тараптан сұранарымыз баяндалған мән-жайға байланысты заңды тексеріс ұйымдастырып, сараптық - консультациалық бағалау кәсіпорнының Қорытындысының анықтығын техникалық бақылаудан өткізіп, тиісті шара қолдануды өтінеміз. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету аясында, Сізден Заң шеңберінде оң шешім шығаруыңызды сұраймыз  - дейді кәсіпкер.


Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды
Қаскелең оқушылары Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жасады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу