Шөкеев коронавируспен ауырған Елбасының дәл екі жыл бұрынғы әрекетін еске түсірді

Oinet.kz 19-06-2020 1417

-Елбасының денсаулығына барша қазақстандықтармен бірге Түркістан облысының халқы да алаңдаулы, - деп жазды фейсбуктегі қоғамдық қабылдауында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев   ⠀

1550754069lr939_1000x768-1-1-620x324.jpg

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!⠀

Осыдан тура екі жыл бұрын Түркістан облысын құру туралы Жарлығыңызды өңір тұрғындары зор ықыласпен қолдап еді. Содан бері Киелі өңіріміздің екінші тынысы ашылды. Сіздің бұл індетті жұқтырып алғаныңыз туралы хабарды естіген ел-жұртыңыз тілектерін айтуда.⠀

Сіз тәуелсіз еліміздің кемел келешегі үшін бар күш-жігеріңізді аямадыңыз. Бұл сырқатты да ауыздықтап, жеңіл еңсеретініңізге сенімдімін. Түркістан облысы тұрғындарының атынан тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін! - делінген Шөкеевтің жазбасында.

Министр мұғалімдердің жалақысына қатысты қатаң тапсырма берді
Владимир Ким мақтааралдықтарға арнап 1 миллиард теңге аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу