Президент: «Зейнатақы, жәрдемақы және АӘК мөлшері 10 пайызға индексацияланады»

Oinet.kz 31-03-2020 4229

Зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланады. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200331211247770e.jpg

«Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты, зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым»,- деді Президент.

Ысқақовтың ұсталуы Көшербаевқа берілген соққы
Назарбаева: «Ең қарапайым зат – медициналық масканы да дер кезінде жасай алмаймыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу