Ысқақовтың ұсталуы Көшербаевқа берілген соққы

Oinet.kz 27-03-2020 11867

Бүкіл ел, биліктің барлық буыны басқа шаруаның бәрін сырып қойып,  коронавирусқа қарсы күрес шараларына кірісіп жатыр. Ал тиісті органдар жемқорларға қарсы күрестің қарқынын күшейте түскен сияқты. 

Құзырлы органдар айналдырған екі-үш айдың ішінде осыменен  екі облыстың әкіміне құрық салды. Қаңтарда  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың  қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғаны белгілі. Енді міне, Қызылорда облысын басқарғанына әлі тоғыз ай толып үлгермеген Қуанышбек Ысқақовтың қолына кісен салынғаны туралы ақпарат тарап жатыр. ҰҚК мен антикор  облыс әкімдерінің де министрлерден әулие еместігін көрсеткісі келген сияқты. Келесі кезек кімдікі?

Қызылорда облысы әкімінің Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны 27 наурызда ақпарат құралдарында тарады. 

10962d2a-5b52-4812-b723-9e3d835d335a.jpg

-Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық үшін ұстады, - деп өзінің Telegram каналында Ербол Еділов жазды. Оның орынбасары Марат Делмұханов және әкімнің туыстары, бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов та ұсталды делінеді. Ресми орындарын мұны әзірге растаған жоқ. Дегенмен «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды».  Болат Бақауов ұсталған кезде де дәл осылай болған. 

Жуырда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті агенттіктің 3-жедел департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Андасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілікті. Тергелуші Қызылорда қаласындағы абақтыда қамауда отыр.  Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, ұсталған «и.о.»   басшылықтың тапсырмасымен Қызылорда қаласына келіп, Арыс қаласына көмек көрсету үшін құрылған қордан ақша жымқыру фактісін тексерген. Қор қаржысының бір бөлігі әлдебір фирмалар арқылы қолма-қол ақшаға айналып, жеке адамдардың қалтасына түсіп кетіпті. Андасовтың назары төрт ірі компания мен олардың басшыларына ауған. Дәлірегі ол компания басшыларын пара беруге мәжбүр еткен сияқты. 

Департамент басшысы ақшаны қолма-қол алмаған. Екіортада Алпамыс Ыдырысов деген делдал болған. Делдал параның 300 мыңын жемқорлықпен күресуші бастыққа беріп, ал қалған 100 мыңын өзі қалтаға басқысы келген. Құзырлы органдар бұл жағдайдан қалай құлағдар болған? Кім арызданған? Бұл жағы жұмбақ. Парақорларды аулау операция кезінде делдал бой тасалап үлгерген. Андасов қолға түскен. Облыстың әкімі мен оның орынбасарының алаяқтықпен ұсталуы осы оқиғадан кейін орын алып отыр. Тергеу барысында жіптің бір ұшы Ысқақовқа барып тірелді ме екен? Кім біледі? 

Бірақ, бір нәрсе анық. Қ.Ысқақовтың ұсталуы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың позициясына үлкен соққы болып тиеді. Неге десеңіз, мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұятқа қалдырды. 

Көшербаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне 2013 жылы келді. 2015 жылы ол өзіне орынбасар етіп салық органдарында жұмыс істеп жүрген Қуанышбек Ысқақовты алды. Былтыр маусымда Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысқан соң Қуанышбек Ысқақов бірден облыс әкімінің креслосына жайғасты. Ол бұл орынға Тоқаевтың жарлығымен тағайындалды демесеңіз, жаңа кандидатураны ұсынған және оны Ақордада өткізген Көшербаевтың өзі екендігіне күмән келтіруге болмайтын сияқты. 

Ал Көшербаевтың кепілдемесімен әкім болған кадрдің бүгінгі жағдайы мынандай. Егер Ысқақовтың ұсталғаны расталып, ол сот үкімімен кінәлі деп танылса,  әрине, Тоқаев ол үшін отставкіге арыз жазбайды. Өйткені президентке ондай міндеттеме жүктелмеген. Бірақ қарамағындағылардан отставкі талап еткіш Тоқаев осыдан кейін өзін ыңғайсыз сезінбейді дейсіз бе? 

Осы жағдайдан кейін онсыз да кейінгі кездері саяси салмағын әжептәуір жоғалтқан Көшербаевқа берілген «сенім кредиті» толығымен түгесілуі мүмкін. 

Анар Жаппарқұлова: «Баламды мен тәрбиелемесем, көше тәрбиелейді»
Президент: «Зейнатақы, жәрдемақы және АӘК мөлшері 10 пайызға индексацияланады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу