Маржан Арапбаева: «Николаймен бірге дуэт құру - әр әншіге бұйыра бермейтін бақыт»

Oinet.kz 19-12-2008 1256

Screenshot_7.jpg

«Шаян барсаң әншімін деме» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек-ті. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Маржан Арапбаева Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында дүниеге келген. Ән өнерінің даңғыл жолындағы алғашқы баспалдағы  2002 жылы өткен республикалық  «Жас қанат» байқауы еді. Сол байқауда көпшілік пен қазылар алқасының көңілінен шыққан Маржан көп ұзамай отандық және шет елдік ірі байқаулар мен фестивальдарға шақырыла бастады. Әйгілі «Славян базары» ән бауқаында ресейдің алтын дауысы Николай Басковпен таныстығы шығармашылық дуэтке ұласты. «Азия даусы» фестивалінде қос жұлдыздың  бірге ән шырқауын сенсациямен тең болды. 

Сахнада жүргеніне 7 жылдың жүзі болған Маржан Арапбаева 27 қарашада Астананың Конгресс-холында эстрада жұлдыздарының қатысуымен  үлкен шығармашылық кеш өткізді. Дегенмен,  мұны Маржанның өзі мұны  23 желтоқсанда Шымкентте өтетін шығармашылық кешіне дайындық ретінде қарастырып отыр. Біз Маржан Арапбаевамен сөйлестік: 

- Астанада берген концерттен көрі Шымкентте өткелі жатқан шығармашылық кешке жоғары мән беріп отырсың. Неге? 

- Астанадағы Конгресс-холдағы концерт өте жоғары дәрежеде өтті. Негізі, астаналық көрермендерді таңқалдыру қиынның қиыны. Себебі арман қала тұрғындары мега-жобалар мен әлем жұлдыздарының қатысуымен өтетін думанды кештерге үйреніп қалған. Соған қарамастан, Конгресс-хол лық толды. Мен және кештің құрметті қонақтары - Медеу Арынбаев, «Арнау», «Тарлан» дуэттерінің орындауындағы әндерді ерекше ықыласпен қабылдады. Мәселен, кезінде Николай Басковпен бірге айтқан  «Praire» әнін орындаған соң көрермендер  үш минут бойы тынымсыз шапалақ ұрды. Дегенмен, Астанадағы концерт – Шымкентте өтетін шығармашылық кештің алдындағы соңғы дайындық. Астана тұрғындарын кемсіткім келмейді, әрине, алайда, туған жерде есептік көнцерт өткізудің маңызды мен үшін өте жоғары. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Шымкентте жеке концерт беру бұрыннан ойда жүрген арманым. 23 желтоқсанда өтетін концерт ұйымдастыру деңгейі  жағынан «Евровидениеден» кем түспейді деген ойдамын. Осы шараны өзімнің  соңғы жеті жылда жеткен жетістіктерімнің қорытындысы ретінде қарастырамын. Кештің құрметті қонағы  Жұбаныш Жексенұлы.  

- Басков демекші, әйгілі эстрада жұлдызымен  бірге ән шырқағаныңда, қазақстандық әнсүйер қауым сен үшін шын жүректен қуанған еді.  Сенің талантыңды Николайдың өзі де ерекше бағалап өткен.  Дегенмен, кейінгі кездері сахна төріне Басков бөлек те, Маржан бөлек шығып жүр. Оның себебі неде?

- Николай Басковпен бірге сахнаға шығудың қаншалықты маңызды оқиға екенін алғашында сезе алмадым. Оның мәнісін кейін түсіндім. Шынында да, Николаймен бірге дуэт құру - әр әншіге бұйыра бермейтін бақыт. Алайда, отбасылық жағдайларға байланысты шығармашылығыма біраз өзгерістер енгізуге тура келді. Бірақ, болашақта Николаймен қосылып ән айтудың сәті түседі деген сенімдемін. 

- Байқауымша, репертуарды қалыптастыруға үлкен мән беретін сияқтысың.  Себебі,  әндеріңді  тыңдайтындардың арасында үлкені де бар, жастар да бар. 

- Иә, бұл мәселеге ұқыпты қарамасаң болмайды. Барлық жастық категорияларды қамтуға тырысатыным рас Қазіргі жастар өнерге тым жеңіл қарайды деген пікірге қосылмаймын. Мәселен, Конгресс-холдағы концертке келгендердің 70 пайызы  жастар болды. «Ана туралы балладаны» айтқан кезімде кейбір көрермендер көзіне жас алды. Екінші жағынан, жастарға кілең салиқалы дүниелер ұсына берудің де қажеті жоқ. Ара-тұра көңілді әндер айту керек.    

- Келер жылы ән сүйер қауымды қандай жаңалықтармен қуантасың?

- Қазір жеке альбомды жарыққа шығару жұмыстарын аяқтап жатырмын. Жұмақ ананың табанынң атсында деген ғой. Ақ жаулықты абзал аналардың құрметіне альбомды «О, аналар!» деп атадым. Бұйыртса, дүкендердің сөрелеріне қаңтар айында түседі.

- Шығармашылығыңа табыс тілейміз! Жаңа жылда ән сүйер қауымды сәтті дүниелермен қуанта беруіңе тілектеспіз!

"Рейтинг" газеті

Оңтүстікте қай ауданның әкімдері әскерге бармады?
Лесбек Тәшімов: «Өнерге деген қызығушылық «байды алдаудан» басталған»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу