Шөлде де бау-бақша жайқалады
Ауылшаруашылық саласы әр өңірдің климатына қарай дамитыны анық. Мәселен шыбық ексең шынар өсетін Төлеби ауданында жеміс-жидек, көкөністің барлығы дерлік өседі. Ал ауа-райы құрғақ Шардара әдетте ақ алтын мақта ғана өседі деп ойлаймыз. Алайда ыстық ауа-райына қарамастан мұнда да бау-бақша егіп, жайқалтуға мүмкіндік бар. Яғни ауданға ыстыққа төзімді өнімдерді еккен қолайлы.
Осы ретте таяуда аудан әкімішілігінің үлкен мәжіліс залында ауыл шарушылығына байланысты семинар-кеңес болып өтті. Семинардың басты мақсаты-қарқынды бау өсіру және өңдеу, ыстық ауа - райына қолайлы ағаштар егу. Мамандар сондай-ақ отырғазылатын көшеттердің түрлері мен оларды суару технологиясы, зиянкестерден қорғау, жеміс-жидектерді өткізу мәселелеріне диқандарға, кәсіпкерлерге толыққанды ақпарат беріп өтті.
Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, семинарға «Green town» ЖШС басшысы Атемов Ғани Тұрсынұлы және «Alma-ata tarim» ЖШС басшысы Атилла Каплан қатысып, өздерінің осы бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңы сұрақ – жауапқа ұласты.