Қаланы күл-қоқыстан тазартты

Oinet.kz 30-08-2019 772

Screenshot_41.jpg

Бүгінде тотыдайын таранып, түрленіп келе жатқан рухани шаһар Түркістанның гүлденуіне бүкіл республика халық ат салысуда десек артық емес. 

Күллі түркі әлемінің құтты мекені болған Түркістан қаласын түлетуге мақтааралдықтар да атсалысуда. Қаланың көркі биік ғимараттар мен қатар жасыл желек, қызылды-сары гүлдермен күл-қоқыстан ада таза көше мен аула екені анық. Осы орайда қаланы абаттандыру үшін Мақтаарал ауданы мен облыстық энергетика басқармасы 4-секторға бекітіліп, қазіргі таңда тазалық жұмыстары басталып кетті.

Өткен аптаның соңында 4-секторда мақтааралдықтар сенбілік өткізді. Тазалық шарасына жалпы 110 адам қатысып, 500 қаптан астам күл-қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, дарақтар әктеліп, қураған бұталар мен арам шөптер шабылды.

Сенбілік барысында мақтааралдықтар секторға қарасты 66 көшенің барлығын аралап, тұрғындарды тазалық жұмыстарына тарту, олардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін "Таза аула, таза үй, таза көше" деген атаумен акция өткізді.


Шөлде де бау-бақша жайқалады
Шерағаңа құрмет... Бұған түлкібастықтар түрткі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу