Сауалнама: Ер жігіттерге қандай қыздар (әйелдер) ұнамайды?

Oinet.kz 26-02-2019 1381

873-1476212271-1c1f8ab7e4.jpg

Әр қыз, әйел, жалпы аруды «осы жігіттерге не ұнайды?» деген сұрақ жиі мазалайды. Себебі, оны түсініп бақпайсың. Осыған орай ер жігіттер үшін әйелдің қандай қылығы жағымсыз, қандай қасиеттері ұнамайтынын, қандай арулардан безінетінін білу мақсатында сауалнама жүргізген болатынбыз.

Нұрғали, 35 жаста:

Үйдегі болып жатқан жағдайды жария ететін, белгілі бір мәселенің шешімін таппай, соны 100 рет айта беретін әйелдерді ұнатпаймын.

Әл-Фараби, 21 жаста:

Ұрысқақ, мінезі нашар қыздар ұнамайды. Сыйластық деген ұғымды ұғына білмейтін қыздарды жек көремін.

Ержан, 42 жаста:

Шошақайлық, жеңілтектік-қыздың намысын түсіріп, ерсі көрсетеді. Әсіресе, ашық-шашық киінетін қыздар біздің қазақты артқа тартады.

Самат, 37 жаста:

Туыстық қатынасты үзетін әйелдерді мүлдем жақтырмаймын. Себебі, жолдасының өзін жақсы көрсе, туыстарын да солай қабылдау керек деп білемін.

Нұрбек, 27 жаста:

Ата-ана қашанда алдыңғы орында тұру керек. Мен үшін менің ата-анамды сыйлап, жақсы көріп тұрса сол бақыт.

Аманбай, 48 жаста:

Тым қатты боянатын, алтын-күмісін қаптатып тағып алатын әйелдерді түсінбеймін. Ал өз әйелімнің олай жүруіне мүлдем қарсымын.

Арғын, 25 жаста:

Көргенсіз қыздарды жек көремін. Құрманбек, 32 жаста: Өзін ғана ойлап қалған әйелдерден безінемін. Қара басының қамын ойлау қашанда жақсылыққа апармаған.

Есіл, 29 жаста:

Негізі адамның көп сөйлегенін, бос сөйлеген ұнатпаймын. Әсіресе, айналысатын шаруасы жоқ, әрнәрсені бір айтып отыратын әйелдер жағымсыз. Әйел деген аз сөйлеп, көп ойланып, нақты шешім айта білетін болу керек деп есептеймін.

Сағымбай, 46 жаста:

Ақшаны оңды-солды шашып, басын біріктіре алмау әйел үшін жат нәрсе. Еркек ақша табушы болса, әйел ретін біліп, соны жеткізу керек.

Дереккөз :anabol.kz 

Хиджаб киюге рұқсат беріледі ме?
Отбасылық бюджетті үнемдеу және сақтау жолдар қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу