Пианино...

Oinet.kz 26-02-2019 1230

924-1476212746-5cd0b2bba8.jpg

Жаңа үйге көшіп келгенімізге көп болған жоқ. Қала сыртында орналасқан, тыныш жер болғандықтан бірден қызығып осы үйге назарымыз түскен болатын. Әсіресе, кішкентай қызым қатты қуанды. Өзінің бөлмесі болатыны өз алдына, бұл үйдің бұрынғы тұрғындары пианиноны бізге қалдырып кеткен болатын. Ал кіші қызым пианинода ойнайды, онымен қоса, пианино судай жаңа. «Музыка сабағынан бөлек, күнде кешке отырып, үйде  өзім дайындала беретін болдым» деп мәз. Құлағымызға жаттанды болып қалған пианино дыбысына үйреніп те кеттік. Түнге қарай бірде жиналып алып  теледидар көріп отырсақ, арғы бөлмеден  пианино ойналып  жатыр. Жолдасым «қызымыз біраз үйреніп қалыпты" деп оны мақтап қояды, бірақ, қарасам, қызым ана бұрышта компьютер ойнап отыр. Түк түсінбеген күйі жан-жағыма қарасам, балалардың барлығы жанымызда. Абдырап қалдық, жүгіріп арғы бөлмеге барсақ,  дыбыс тынып қалды. Қайтадан залға келіп отыра берсек, бірер минут салып, пианиноның дыбысын қайта естиміз. Барсақ, қайтадан шықпай қалады дыбысы, құдды бір ойын ойнап жүрген сындымыз. Бірақ, кәдімгідей анық шығады, ноталар айқын ойналып жатыр.

Жолдасым екеуміз тыным таба алмай, не істерімізді білмейміз енді. Бірден ол бөлменің есігін мықтап жауып , құлттап қойдық, біраз уақыт ешкім ол бөмеге кірмеді. Үй тынышталып, ертеңнен бастап дыбыс шықпай қалды. Дыбыс біраз тынған соң бар қорқынышты ұмытып кетіппіз. Бірақ, тағы да қайталанды... енді екінші рет сабырмен ойланып, дұрыстап назар аудара бастадық. Сөйтсек, дыбыс әлі қояр емес. Біз жұмыста болғанда да пианино өзінен-өзі ойналады дейді балалар. Олар  бізден «өзі ойнала бере ме?» деп сұрағаннан кейін ғана білдік мұны. Сол сәттен бастап заттарды дереу жинадық та бұл үйден көшуді ұйғардық. Бірден сол сәтте ескі үйімізге көшіп кеттік. Қазіргі үйіміз қанша жерден кішкентай болса да, жанымыздың тыныштығы әлдеқайда жақсы екен.

Дереккөз : anabol.kz

Тез әрі тегін тіл үйренудің 5 тәсілі
Қарапайым микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу