Жүректі дір еткізетін жан кім?

Oinet.kz 25-02-2019 1203

d945faea9534edd9cdaf19f659f055e9.jpg

Жүректі дір еткізетін адамдар болады. Ол адаммен қанша уақыттан бері таныс екенің маңызды емес: бірнеше жылғы танысың ба әлде бірнеше минут бұрын танысқан адам ба, бәлкім мүлде таныс емес шығарсың. Алайда бір нәрсе қатты әсер етеді. Дәл не екенін аңдап үлгермейсің. Түйсік деңгейінде. Ішіңде бірдеңе аунап түскендей. Бір қызығы мұның барлығы біздің еркімізден тыс болады. Ол адам ырқыңыздан тыс сана-сезіміңізді жаулап алады. Сосын үнемі санада сайрап тұрады. Әсіресе, өзіңмен өзің қалған кездерде маза бермейді. Сыртқы әлемді ұмытып, небір ғажапты ойлайтын оңаша кезде көз алдыңнан оның елесі кетпей тұрып алады. Анда-санда болса да сенің өміріңде осы адам бар болып тұра тұрса екен деген тілектің жетегінде жүргеніңді аңдамай қаласың. Оның жайдан жай «Сәлем, қалайсың?» дегеніне жүрек алып-ұшып, бойыңа нұр тарайды. 

Езуіңе күлкі үйіріліп, жаның рақатқа бөленеді. Сендер кездеспей тұрып бейсанаңа оның суретін салып алған сияқтанасың. Бір ғажап айдап, бір ғажап жетелеп сенің өміріңе еш себепсіз енген елес. Түсініксіз. Бұл адамды көрмесең де ол туралы бәрін білетіндейсің. Іштей оны бес саусағыңдай білетініңе қапысыз сенесің. Жүрегің бек сабырлы бола қалады. Көрген сайын оған ынтаң арта береді. Уақыт озған сайын «Ол менің жүрегімнің жартысы» деген ойға берілетініңді байқап қаласың.

Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

Сенім - қараңғы әлем ішінен жарықты сезе алады
Басыңдағы бақытсыздыққа қарамастан риясыз жақсы көретін адамдар болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу