Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бөлтірік шешен қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
-Ақ ата, бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді.
Сонда Бөлтірік шешен:
- Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол ұшқан құсың емес пе, бала артта қалған ізің емес пе. Бәрінен де жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – құл, қуанышың – от! - деген екен.
Дерккөз: www.jastar.kz