Полиция мен халық арасындағы алтын көпір
ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі “2019-2021 жылдарға арналған жол картасы” аясында Қазақстан полициясы күні қарсаңында Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жанынан халықтық кеңсе ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков қатысты.
Бұл кеңсе полиция қызметкерлері мен халық арасында алтын көпірге айналғалы тұрған нысанда азаматтардың құқықтары қорғалып, талап, тілектері тыңдалады. Жедел басқару орталығымен бейнебақылау жүйесі тартылған кеңседе келушілероді қабылдау үшін барлық жағдай жасалған.
Жергілікті, әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер мен құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беретін болады.
Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартады. Полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне өзіндік септігін тигізбек.