Есірткі есіңді алады

Oinet.kz 22-06-2019 607

Screenshot_17.jpg

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Облыс әкімдігі, Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде «26 маусым –Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз  айналымымен күрес күніне» арналған «Есірткісіз болашақ!» атты ұранымен акция өтті.

 Іс-шара барысында концерттік бағдарлама көрсетіліп, демалушы балалар  спорт түрлерінен жарысқа түсті.  Өнерге бейімі бар бүлдіршіндер арасында  асфальтке сурет салу жарыстары ұйымдастырылды. Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған топтық тренингтер өткізіліп, жастар флешмоб биледі. Мамандар болса балаларды сауалатты өмір салтына ұстанудың жолдарын көрсетіп, есіңді алатын есірткіден аулақ болуға шақырды. Қатысушыларға түрлі ақпараттық-танымдық брошюралар таратылды. Жарыстың жүлдегерлеріне Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.


Мемқызметшілер алаңға шықты
Баспанаға мұқтаждық азаюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу