Мемқызметшілер алаңға шықты
Спорт – адам, мамандық таңдамайды. Сондықтан спортпен кез-келгеніміз айналысуға тиіспіз. Күні бойы кабиентте отырып, жұмыс істейтін жандардың спортпен шұғылдануға уақыты бола бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікті жақында шардаралық мемлекеттік қызметкерлерге берілді. Олар кабинеттерін тастап алаңға шықты. Спорттық киім киініп салауатты өмір салтын насихаттады. Өз ара бақ сынасып спартакияданың жалауын желбіретті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орайластырылды. Аудан орталығындағы №1 спорт мектебінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында волейбол, қол күресі, стол теннисі, арқан тарту сынды жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа Шардара ауданына қарасты барлық ауылдық округтерден мамандар келді. Олар спортқа деген құлшыныстарының жоғары екендіктерін дәлелдей білді. Жай күнде қағаз қаламмен бас қатыратын қызметкерлер бір серпіліп, өз ара ынтымақтастықты нығайтты.
«Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиадаға бірінші рет қатысып отырмын. Спорт пен өмірді, қызметті бірге алып жүр бәріміздің міндетіміз. Осындай іс-шараларға алдағы уақытта қатысып, ұйымдастырып белсенділік танытуға өз үлесімізді қосамыз»,- дейді Шардара қалалық әкімдігінің қызметкері Бегалы Төреқұлов.