Жаз жастарды жадыратты

Oinet.kz 21-06-2019 628

Screenshot_15.jpg

Түркістан облысының құрылуына бір жыл толуына орай рухани астанада «Turkistan Jastar fest» көше мәдениетінің жазғы фестивалі өтті.  Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара «Жастар жылы» аясында өткізілді. 

Фестиваль барысында келушілердің көңіл – күйін көтеру мақсатында түрлі би толқындары жасалып, жастардың стилінде рэп бағытында әндер айтылды. Мұнда ең басты Headliner Q-pop ханшайымы Ziruza және рэпер Baller. Сонымен қатар, «Zlotnikov Dance» клубының бишілері би алаңын жандыра түсті. Ал, кеш жүргізушілері MC Marusho және DJ Steppa-T концерт көркін қыздыра түсті. Сонымен қатар, фестивальде «Street Workout», «Street Ball», «RAP battles», «Street dance», «Karaoke party», «Домбыра», «Гитара party» алаңдары ашылды. Алдағы уақытта фестиваль аясында осы бағыттар бойынша сайыстар ұйымдастырылып, жастар бәсекеге түсетін болады. Ең үздік өнер көрсеткен қатысушыларға 5 млн. теңге көлемінде ұтыстар ойнатылады. 

         Фестиваль «White Party» аталымын алғандықтан, келушілердің көпшілігі ақ киіммен келді. Концерттің бұлай аталу себебі, ол белгілі бір ұйымның имиджін сақтап тұру үшін қолданылады. Алғаш бұл термин Англияда пайда болған. Қазіргі таңда, «White party» жобасы кез – келген ортада адамның мәдениеттілігін көрсететін бастапқы санатқа айналды. Фестиваль үш айға созылады. Жастарға тиімді уақыт ретінде аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері белгіленіп алынды. Алдағы уақытта, фестиваль алаңы қызықтарға толы болмақ. 


Қалам ұстағандар жарысты
Мемқызметшілер алаңға шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу