Қалам ұстағандар жарысты

Oinet.kz 21-06-2019 614

Screenshot_14.jpg

Облыс орталығында «Түркістанда түлеген төл тарихым!» атты облыс орталығында жазба жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық байқау өтті. Түркістан облысының мерей тойына орай өткізілген кеште 36 белсенді жас бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткен шара алдыңғы жылы Астана қаласының 20 жылдығана орай өткізілген болатын. Байқауға әр өңірдің сөз өнерін саптаушылар бақтарын сынады. Іріктеуден өткен 14 шығармашылық иесі өз туындыларын сахнада ұсынды.   Бұл байқау ақындардың барлығына шабыт, жаңа бір леп әкелгендей. Облыстың атын шығарар жастардың жаңашылдыққа құмарлығын оятар шара болды,- дейді байқауға қатысушы Рысгүл Досжанова.

Жас ақын-жазушылардың өнерін саралған қазылар алқасы әділ бағаларын берді. «Жастардың әдебиетке деген құмарлығы, жас буынның айтатын ойы көңілімізден шықты»,- дейді қазықлар алқасының төрағасы Досбол Ислам.

Бұл байқауда шын үздіктер суырылып шығып ақшалай сыйлықтарға болды. 


Тұңғыш фильм
Жаз жастарды жадыратты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу