Баспанаға мұқтаждық азаюда

Oinet.kz 22-06-2019 638

Screenshot_18.jpg

Халық көп қоныстанған Жетісай қаласында баспанаға деген мұқтаждық жоғары. Алайда билік өкілдері бұл мәселенің оң шешімін тауып келеді.  Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша алдағы уақытта аудан орталығында көп балалы отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған 20 тұрғын үй салынбақ.Халыққа қажет әлеуметтік нысандар да бой көтеретін болады.

Жетісай қаласында 80 гектар аумақта орналасатын жаңа шағын аудан салынбақ.Қазір оған жер бөлініп жобасы жасалып қойған. Алдағы уақытта аталған орталықта 20 көпқабатты тұрғын үй,1200 орынды мектеп,бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек.Инфроқұрылымдар да салынады.

Жауапты мамандар өңірдегі білім ұяларын да назардан тыс қалдырмапты. Айтуыларынша бүгінде Жетісайдағы жетпіс білім ұясының алпыс екісі типтік үлгіде.Сегізі ыңғайластырылған ғимараттарға жайғасқан.Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы ауданда 3 жаңа мектеп пайдалануға берілген.Биыл тағы да 9 мектептің құрылысы қолға алынған. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджет есебінен 4 миллиард 631 миллион теңге бағытталып отыр.Бұдан бөлек алты ауылға табиғи газ жеткізілетін болады. 


Есірткі есіңді алады
Марафоннан қариялар да қалыс қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу