Қайырымдылық – ұлы іс!

Oinet.kz 20-06-2019 611

Screenshot_5.jpg  

Түркістандықтар қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаржылай көмек беріп, жаңа ғимарат салып беруге кірісті. Қайырымды жандар тұрғындарды "Шапағат" мүмкіндігі шексіз азаматтар қауымдастығының жаңа ғимаратына ат  салысуға шақырды. Жаңадан бой көтеретін нысан жүріп тұруы қиын, бірақ  өмірге аса құштар азаматтарға жағдай жасайды. Игілікті іске ерікті жастар да біркісідей көмектесіп, жарымжан жандардың  аяқтан тұруларына тілектес болды

    «Қауымдастықтың  бейімдеу орталығына қосымша азық-түлікпенен қамтамасыз ететін жылыжайлар салу жоспарланған. Сол жобаға қолдау көрсетейік деп, жергілікті  мердігерлерді және кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерінің басын қосып отырмыз»,- дейді Түркістан қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлжамал Даxанова. 

 Игі шараға өңірге белгілі ел ағалары қатысып, тағдыр тәлкегіне түскен азаматтардың жай-күйіне куә болды.  Қауымдастық төрағасы Еркінбай Шалтан мүмкіндігі шексіз жандарға салынғалы жатқан нысан жайында ақпар берді. Қауымдастық мүшелері жайында бейнероликтер көрсетілді. Жиында жаңа нысанның бой түзеуіне қол ұшын беретін қайырымды жандар табыла кетті. 


Орталық ауруханадағы инновация
«Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу