«Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік»

Oinet.kz 20-06-2019 785

Screenshot_6.jpg

"Жастар жылы" аясында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мектеп бітіруші түлектерге арналған "Жолың болсын, жас түлек!" атты салтанатты кеші өткізді. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлерін марапаттады.

"Адамзат қашанда биіктікті білекпен емес, біліммен бағындырған. Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында. Елімізді келешекте түрлі белестерден алып өтетін – сіздерсіздер! Сондықтан алған білімдеріңізді еліміздің, Түркістан облысымыздың, ауданымыздың гүлденуіне жұмсап, қабілеттеріңізді көрсетуге күш салады деп сенемін!", - деді Бақыт Насырханұлы.

Биылғы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен шараға 56 мектептің бітіруші түлектері қатысты.

Жалпы 2018-2019 оқу жылында ауданымыздағы 56 мектепте 27 мыңнан аса оқушы білім алды. Оның 1666-сы биылғы мектеп бітіруші түлектер. 93 бітіруші "Алтын белгі", 65 бітіруші «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Сондай-ақ, 9-сыныпты бітіруші 2368 білім алушыдан 193 оқушы негізгі орта білімі туралы үздік аттестат иегері атанған. 

Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 


Қайырымдылық – ұлы іс!
Ержанның жұлдызы жанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу